АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

ЕАЭО елдері арасында ауыл шаруашылығы өмінінің түрлеріне квоталар бөлінді

ЕЭК Алқасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында ЕАЭО елдері арасында ауыл шаруашылығы өнімінің түрлеріне квоталарды бөлді.
Әлемде 21 Тамыз, 15:54

Комиссияда хабарлағандай, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында тарифтік квоталар көлемін бөлу ЕАЭО туралы шартқа сәйкес ЕЭК Алқасына жүктелген. Осы ретте Одақ елдері аумағында қандай да бір өнім түрлерін тұтыну және өндіру көлемдері ескеріледі.

«Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қырғызстан өздерінің күріш қажеттігін толық өтеуде. Арменияда күріштің мұндай сұрыптарына қатысты 2018 жылы кедендік баждың нөлдік мөлшерлемесі қолданылады. Сондықтан, квота Беларусь және Ресей арасында бөлінетін болады. Елдер 961 т және 9 039 т алады», - деп атап өтті ЕЭК-те.

Ресей және Беларусь 10 мың т көлемінде Вьетнамнан әкелінетін күріштің кейбір сұрыптарына таифтік мөлшерлемені өзара бөледі. 2018 жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне кедендік баждың нөлдік мөлшерлемесі қолданылып, осынша күріш жеткізілуі мүмкін.

ЕЭК Алқа мүшелері кедендік баждың төмендетілген мөлшерлемесі қолданылып, ЕАЭО-ға әкелінетін ет және сүт өнімдеріне қатысты квоталарды бөлу туралы шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасына 21 мың т ірі қара мал еті, 140 мың т құс еті, Ресей Федерациясына 570 мың т ірі қара мал еті, 430 мың т шошқа еті, 364 мың т құс еті жеткізіледі. Бұдан бөлек, Беларусь Республикасына 20 мың т шошқа еті, 10 мың т тауық еті, 0,9 мың т күркетауық еті, Қырғыз Республикасына 3,5 мың т ірі қара мал еті, 3,5 мың т шошқа еті, 58 мың т құс еті жеткізілетін болады.  





Яндекс.Метрика