• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысын өткізді

Б.Сағынтаев ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысын өткізді

21 Тамыз, 2017 13:31
Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның (ЖҒТК) кезекті отырысы өтті, деп хабарлады primeminister.kz.

Отырыс барысында қазіргі кездегі ғылымды дамытудың басымдықты бағыттары, сондай-ақ ғылымды одан әрі қаржыландыру мәселелері мен елімізде фармацевтикалық кластерді дамыту мақсатында әзірленген ҚР БҒМ-нің «2018-2020 жылдарға арналған Бірегей дәрі-дәрмектерді әзірлеу мен оларды зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру» бағдарламасының ғылыми-техникалық жобасы талқыланды.  

Еске сала кетейік, Үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия ҚР Үкіметінің қаулысымен 2011 жылғы 20 сәуірде құрылған және ол – ҚР Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган. ЖҒТК отырыстары қажеттілігіне байланысты жылына кем дегенде екі рет өткізіледі.

 

 

Барлық жаңалықтар