- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО Астана тұрғындарына XVI-XVII ғасырлардағы батырдың дулығасын таныстырады
СҚО Астана тұрғындарына XVI-XVII ғасырлардағы батырдың дулығасын таныстырады
«Алдымен, елордалықтардың назарына музей қорынан алынған экспонаттарды таныстырамыз, солардың бірі - XVI-XVII ғасырлардағы батырдың дулығасы. Зерттеулер көрсеткендей, дулығада қылыштың іздері бар, ол жігерлі, қайсар батырға тиесілі. Жәдігер араб өрнегімен көмкерілген, дулығаның күнқағарында «Мұхаммед Пайғамбар сенімен» деген жазу бар, ал күнқағардың жоғары бөлігінде иесінің аты Ахмет Якуп (Жакқп) ұлы деп жазылған», - деді М.Қожахметов.
Ол айтып өткендей, келушлерге XVI ғасырдағы «Әскери балта» экспонаты да қызықты болуы мүмкін. Оның жан-жағы аң стиліндегі сақ стилінде көмкерілген.
Көрмеде латын тіліндегі бірегей құжаттар, қазақ-орыс қарым-қатынасы туралы материалдар таныстырылады. Сондай-ақ, тұңғыш рет 1800 жылдан қалған мешіт пен шіркеулердің метркелік кітаптары алға тартылады. Олар тек Солтүстік Қазақстан облысының мұрағатында ғана бар.
«Тұрғындар мен жоғары қонақтарға бірегей сирек құжат – Мағжан Жұмабаевтың қолжабасы таныстырылады, ол көп жылдар бойы құпия түрде сақталған болатын. Қолжазба 1922 жылдың 20 тамызында қойылған, ол кезде Солтүстік Қазақстанда аштық болатын. Мағжан Жұмабаев халықтың жағдайы мен облыстағы аштықтың салдарын суреттеген», - деді облыс әкімі аппаратының жетекшісі.
Айта кетейік, ҚР Ұлттық мұрағатында тұңғыш рет «Қазақстанның жана тарих белесі» көрмесі өтеді. Онда Солтүстік Қазақстанның сакралды орындары таныстырылады, картаға 14 орын енді, ал республикалық сакралды каратаға осының 3-уі еніп отыр. Олар: Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткіштері мен Абылай хан резиденциясы, Ботай қонысы.
«Әрбір тарихи орын өзіндік естеліктер мен аңыздарға толы. Мәселен, Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткіші 1999 жылдың 15 қазанында Айыртау ауданында ашылды. Батырларға арналған мавзолей бірліктің, достықтың және халық бірлігінің нышанына айналды. Мазардың қасында күресте қаза тапқан әскердің моласы жатыр. Зерттеу жұмыстары кезінде бойы 2 метрлік батырдың денесі табылған. Алғашқы күннен бастап Қарасай мен Ағынтай кешені экскурссия мен ғибадатхана орнына айналған. Жыл сайын Қазақстанның әр өңірінен мыңдаған адам келеді», - деді М.Қожахметов.
Айта кетейік, Тамыз айының 21 мен 31 аралығында Астанада ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында шаһардың 8 алаңында 11 күн бойы Солтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді.
Ақбота Күзекбай
-
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
2021-2025 жылдары СҚО-ны қандай өзгерістер күтіп тұр -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
СҚО-да мемлекеттік сатып алулар электронды форматқа ауыстырылып, 1 млрд теңге үнемделді -
СҚО-ның дамуы: Зауыт-фабриканың іске қосылуы, инвестиция көлемінің артуы және өңірдегі эпиджағдай
-
Астаналық құрылысшылар Маминнің тапсырмасын орындауға неге құлықсыз -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттай алады, талаптары қандай/Кімдер ПТР тест тапсыруы тиіс -
«Еңбек» бағдарламасы бойынша СҚО ауылдарының тұрғындарына 2,5 млрд теңге беріледі -
COVID-19: 6 тамыздағы басты жаңалықтар -
Ақтаулық әуесқой палеонтолог ежелгі ірі рептилияның қалдықтарын тапты -
Astana Hub пен ЮНИСЕФ әлеуметтік IT-жобалар конкурсының қорытындысын шығарды -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды