- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО аясында елорда қонақтары мен тұрғындарын солтүстік аймақ қалай таңғалдырады
ЭКСПО аясында елорда қонақтары мен тұрғындарын солтүстік аймақ қалай таңғалдырады
«Астанадағы СҚО-ның мәдениет күндерiн өткiзуге мәдениет саласының 400-ден астам өкiлi жұмылдырылады, оның iшiнде облыс пен қаланың шығармашылық ұжымдары, әншiлер, актерлер, сәндiк-қолданбалы өнердiң шеберлерi, қазақстандық эстраданың жұлдыздары бар», — делінген хабарламада.
Тұтастай алғанда, Мәдениет күндерi екi негiзгi блокқа бөлiнген: экспозициялық-көрмелiк және театральды-концерттiк.
Қалалық «Қазанат» ипподромы аумағында орналасқан «Этноауыл» ұлттық мәдениет кешенiнде киiзден, терiден, ағаштан, қабықтан, керамикадан, ұсталық iстен жасалған бұйымдардың көрме-жәрмеңкесi өтедi, олар киiз үйлер мен павильондарға қойылады.
«Атамекен. Бабалар жерi» тарихи мұражай көрмесi ұйымдастырылатын болады. Көрме келушiлердi солтүстiк өңiрдегi қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетiмен таныстырады. Мұражай қорынан алынатындар: аулаушы құстармен ұлттық аңшылықтың заттары, ат әбзелдерi, батырлардың қару-жарақтары, ерлер мен әйелдердiң киiмдерi, асхана керек-жарақтары, музыкалық аспаптар, солтүстiкқазақстандық суретшiлердiң картиналары», — дедi СҚО әкімдігі аппаратының жетекшісі Мадияр Қожахметов.
Сонымен, көрмеде 700-ден астам бұйым көрсету жоспарлануда. Келушілерге қолдан жасалған бұйымдарды сатып алуына, сол сияқты дәстүрлi қолданбалы өнерге арналған шеберлiк-сыныбына қатысуға мүмкiндiк берiледi.
Сонымен қатар, Мәдениет күндерi аясында Астанада облыстың шығармашылық ұжымдарының мерекелiк концерттерi өтедi, соған орай театрлық қойылымдар әзiрленедi және «Қазанат» ипподромы аумағында әртүрлi спорттық сайыстар ұйымдастырылады, облыстық мұрағаттың «Қазақстанның жаңа тарихи белесi — Новые вехи истории Казахстана» көрмесi қойылады.
Астананың тұрғындары мен қонақтары Солтүстiк Қазақстанның киелi жерлерiнiң картасымен, латын тiлiндегi бiрегей құжаттармен, ақын Мағжан Жұмабаев туралы сирек кездесетiн материалдармен және т.б. таныса алады.
Өңiрдiң мәдени бағдарламасының негiзгi шарықтау шегi — «ЭКСПО-2017» көрме кешенiнiң «Амфитеатр» сауық-кешi алаңында өтетiн «Қызылжар елi — Жемчужина Қазахстана» гала-концертi болады. Оған Солтүстiк Қазақстанның жерлес жұлдыздары, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген қайраткерлерi Азамат Жалтыргөзев пен Дәурен Глымов, одан басқа, «ЭКСПО» штабының қолдауымен қазақстандық эстраданың «Ринго» мен «Аюми» топтары қатысады.
Ақбота Күзекбай
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды