Қазақстанның аймақтарындағы 500 мәдениет ескерткіші сакралды болады

21 Тамыз, 2017 12:13
Республика деңгейінде 100 сакральді нысан, аймақтық деңгейді 500 сакральді нысан анықталып, іріктелініп алынды. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

«Біз Тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет тарихи-мәдени құндылықтарды және еліміздің мәдени ландшафтың оны сакралдау мағынасында сапали жүйелеуге кірісіп отырмыз. Аталмыш жұмысты тиімді атқару үшін ҚР Ұлттық музейі жанынан арнайы «Қасиетті Қазақстан» орталығы іске қосылды, - деп хабарлады мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруға арнлаған ұлттық комиссияның төртінші отырысында.

Сонымен, аталмыш орталықта Ғылыми-сараптамалық кеңес жұмыс істейді. Онда олардың келісімімен атақты ғалымдар мен қоғам қайраткерлері тартылған, жалпы 40 адам. Олардың жалпыұлттық және жергілікті сакральді нысандарды іріктеу бойынша ауқымды жұмысының нәтижесінде республикалық деңгейде – 100, аймақтық деңгейде – 500 нысан іріктелініп алынды.

Бұдан басқа, ведомствоның мәліметі бойынша, алғаш рет «Тұған жер» қазақстандық өлкетанушылардың мамандандырылған бірлестігі құрылды. Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың мамыр айында Ұлттық музейде «Қазақстанның скаральді географиясы» республикалық форумы еліміздегі барша өлкетанушылар мен музей қызметкерлерінің қатысуымен өтті.  Осы уақыт ішінде аймақтарда 20-дан астам талқылаулар мен тыңдаулар өткізілді.

Ал, Орталықтың өзінде ғылыми топтар анықталды, онда археолог, тарихшы, жергілікті өлкетану мамандары тартылады және олар барша жобаның жүзеге асырылу барысын әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ететін болады. 

Барлық жаңалықтар