- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Португалия қарым-қатынасының 25 жылдығында өзара тиімді ынтымақтастық орнатылды
Қазақстан мен Португалия қарым-қатынасының 25 жылдығында өзара тиімді ынтымақтастық орнатылды
Астана мен Лиссабон арасында ширек ғасыр ішінде достық пен өзара түсіністікте дамыған ынтымақтастық өзара тиімді және үдемелі сипатқа ие болды.
«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы Португалияға және Португалия Республикасы Премьер-министрінің орынбасары П.Порташтың 2014 жылғы Қазақстанға сапарлары екіжақты қарым-қатынастардың маңызды кезеңдері болды. Екі елдің сыртқы саяси және салалық ведомстволары арасындағы байланыстар нығаюда. 2012 жылы сыртқы істер министрліктері арасында алғашқы консультациялар өтті», - деп хабарлады СІМ.
2015 жылы Астанада Португалия Елшілігінің ашылуы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін берді. Экономикалық байланыстар дәйекті дамуда. Екі ел іскер топтарының Астанада және Лиссабонда тұрақта негізіндегі кездесулері өзара тиімді әріптестік үшін жаңа тауашаларды біртіндеп ашуда.
Энергетика (баламалы энергетиканы қоса алғанда), электроника, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнеркәсібі, фармацевтика, инфрақұрылымдық құрылыс және жеңіл өнеркәсіп салалары екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары болып табылады.
Қазақстан мен Португалия халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша ұқсас немесе бірдей ұстанымдарды ұстанатын БҰҰ, ЕҚЫҰ және өзге халықаралық ұйымдар шеңберіндегі көпжақты өзара іс-қимыл да ынтымақтастықтың маңызды бағыты болып табылады. Қазақстан Португалиямен саяси диалогты одан әрі нығайтуға және жан- жақты өзара іс-қимылды кеңейтуге бейілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды