- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Италиямен стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі
Қазақстан Италиямен стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі
«Ширек ғасыр ішінде елдеріміз арасында сындарлы саяси диалог орнатылып, тығыз шарттық-құқықтық база құрылды, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық қарқынды дамыды», - делінген Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына байланысты коммюнике.
2009 жылы қол қойылған Стратегиялық әріптестік туралы мемлекетаралық шарт Қазақстан-Италия қарым-қатынастарының ерекше мәртебесін айғақтайтын аса елеулі оқиға болды.
БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде сенімді қарым-қатынастар орнатылды. Қазақстан мен Италияның халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ұстанымдары ұқсас. Екі елдің
2017 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі аясындағы өзара іс-қимылында бір-біріне демеуі осының дәлелі.
Италия Қазақстанның негізгі сыртқы сауда әріптестерінің бірі болып табылады, итальян компаниялары еліміз экономикасындағы ірі инвесторлардың қатарында. Осы жылдар ішінде Қазақстан экономикасына тартылған итальян инвестицияларының жалпы көлемі шамамен 6 млрд. АҚШ долларын құрады. Өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық және алмасу жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының белсенді қызметі экономикалық және инвестициялық өзара әрекеттестікті барынша кеңейтуге ықпал етуде.
Италияның жаңартылатын энергия көздерін қолданудағы бай тәжірибесін назарға ала отырып, итальян компаниялары Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне белсенді қатысуда.
Өңіраралық ынтымақтастық серпінді дамуда. Астана мен Милан, Астана мен Фриули-Венеция-Джулия өңірі делегациялармен тұрақты түрде алмасуда. Бұл ынтымақтастыққа Қазақстанның Италияның бірқатар қалаларындағы құрметті консулдары зор үлес қосып отыр.
Білім және мәдениет саласындағы байланыстар да кеңейіп келеді. 2013 жылы Италияда Қазақстанның мәдениет күндері, ал 2016 жылы Қазақстанда Италияның мәдениет күндері сәтті өтті. «Астана Опера» театры Миландағы «Ла Скала», Неапольдегі «Сан Карло» және Генуядағы «Карло Феличе» театрларымен тығыз ынтымақтастықта.
Қазақстан Италиямен стратегиялық әріптестікті жан-жақты нығайтып, дамытуға ниетті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы