- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ауғанстанның тауар айналымы артты – А.Еренов
Қазақстан мен Ауғанстанның тауар айналымы артты – А.Еренов
2017 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы мәліметке сүйенсек, тауар айналымы 195,8 млн долларға жеткен, оның ішінде экспорт 195,2 млн, ал импорт 0,6 млн доллар.
Ауғанстаннан жеткізілетін негізгі импорттың ішінде жеміс-жидек, кептірілген жемістер, жаңғақтар мен кілемдер бар. Ал Қазақстан Ауғанстанға ұн, дәнді дақылдар, май, темір мен болат, темекі, көкөніс, тыңайтқыш пен сұйытылған газды экспорттайды.
Қазақстан Сыртқы Сауда палатасының Басқарма Төрағасы Аян Еренов жиынды ашып, Қазақстан мен Ауғанстан республикаларының арасындағы сауда-экономикалық байланыс туралы ақпарат беріп, бизнес-қоғамдастық түйткілді мәселелерін ортаға салып, ұсыныстары мен сауалдарын ашық талқылай алатындығына баса назар аударды.
Ауғанстан Ислам Республикасының Премьер-министрі Абдулла Абдулла екі ел арасындағы ынтымақтастық нығайып, сауда-экономикалық байланыс та дамып отырғанына ерекше тоқталды.
«Біздің іс-сапарымыз «Экспо–2017» халықаралық көрмесіне арналды. Осындай ауқымды шараның аясында кездесулер ұйымдастырылып, ортақ мәселелер талқыланып отыр. Сауда байланысының дамуына жақсы әсер етіп, инвестицияның артуына септігін тигізеді деп ойлаймын. Екі жақты ынтымақтастық пен заңнамалық негізде сауда-экономикалық байланыс күшейеді деген ниеттеміз. Қазақстан кәсіпкерлерінің Ауғанстанмен іскерлік байланысына, инвестициясына қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, олардың жұмыс істеуіне жеңілдіктер қарастырылып жатыр. Сонымен қатар Өзбекстанмен арадағы транзиттік мәселе Ауғанстан Президентінің Өзбекстанға жасайтын сапары аясында талқыланып, үшжақты келісімге келеміз деген ойдамын», – деді Ауғанстан үкіметінің басшысы Абдулла Абдулла.
Atameken.kz хабарлағандай, жиын барысында Сауда-өнеркәсіп палатасының директоры Атикулла Насрат Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы іскерлік байланыста орын алып отырған мәселелерге тоқталды.
«Екіжақты іскерлік байланыс даму үстінде. Көптеген бизнес-форумдар, конференциялар өткізіліп келеді. Қазақстанның Ауғанстанға жасаған экспорт көлемі 2015 жылы 44%-ға артты, бірақ Ауғанстанның экспорты азайды. Себебі транзиттік кедергілер орын алып отыр. Екі елдің билік өкілдері көп реттік виза енгізуді қарастырса деген өтінішіміз бар. Сонымен қатар Өзбекстан транзиті мәселесі шешіліп, Қазақстан мен Ауғанстан арасында банктік байланыс жүйесі орнатылса ұсыныс білдіреміз. Сонымен қатар кедендік баж салығы да үлкен мәселе. Ауғанстан енді дамып келе жатқан мемлекет. Сондықтан Қазақстанға әкелінетін тауарларға кедендік салық азайтылса деген ұсынысымыз бар», – деді Атикулла Насрат.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды