- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы қарым-қатынас үлкен әлеуетке ие - Ж. Қасымбек
Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы қарым-қатынас үлкен әлеуетке ие - Ж. Қасымбек
Ведомство басшысы ауған делегациясына ЭКСПО-2017 көрмесін қолдап, оған қатысқаны үшін еліміздің Үкіметі атынан алғыс білдірді.
«Ауғанстан павильонында ұсынылған технологиялар оның халықаралық көрмеге айтарлықтай үлес қосуына ықпал ететініне сенімдімін. Ауғанстан өзінің географиялық орналасуы мен ауа райы жағдайларының арқасында күн, су және жел энергиясын дамыту үшін үлкен әлеуетке ие. Біз Ауғанстанның экономикалық әлеуетін, оның геосаяси ахуалы мен ислам әлеміндегі беделін бағалаймыз», - деді министр.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК" АҚ баспасөз қызметінде хабарлағандай, Ауғанстанда баламалы энергияны енгізу жұмысы әлеуметтік міндеттерді, аграрлық сектордағы мәселелерді шешуге, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған. ЖЭК пайдалану шалғайдағы елді мекендерді шикізатқа тәуелділіктен босатып, оларды тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Ауғанстан Ислам Республикасының экспозициясы Жібек жолы плазасында ұсынылған және мемлекеттің баламалы энергия көздерін дамытуға қатысты оң позициясын көрсетеді.
Елдің басымдықтары әр түрлі: экономикалық саланы, инфрақұрылымды, білім беру саласын дамыту, сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ауғанстанның сауда және индустрия министрі Хумайон Расаның айтуынша, жаһандық әлемдік сын-тегеуріндер тұрғысында энергетикалық секторды дамыту үшін барынша күш салу керек. Қазақстанның "Болашақтың энергиясы" атты маңызды тақырыпқа назар аударуы біздің планетамызды сақтап қалу жолындағы маңызды қадам болып табылады.
«Мұндай әлемдік көрмеге қатысу біз үшін үлкен құрмет. Ауғанстан халқы мен Үкіметінің атынан Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіремін. Біздің экологиялық таза және жаңартылатын энергия көздерімізді пайдалану жаһандық күн тәртібінің негізгі компоненті болып табылады. ЭКСПО-2017 көрмесін жоспарлау мен ресімдеуде сіздер экологиялық таза болашақтың жалпы көрінісін біріктірдіңіздер. Технологиялық жетістік әрі инновациялық орталық болып табылатын көрменің орталық элементі "Нұр Әлем" павильоны ерекше назар аударуды қажет етеді. Біз барлық салаларда достық және әріптестік байланыстарды нығайтуға сенім артамыз. Энергия осы ынтымақтастықтың негізгі компоненті болып қала береді. Осындай әсерлі көрме Қазақстанды әлемдік деңгейде танытты. Сондай-ақ, ол бізге энергетикалық басымдықтарға баса назар аударуға көмектесті», - деп атап өтті Ауғанстанның сауда және индустрия министрі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады