Бурабай болашағы зор туристік бағыттардың бірі – Н.Назарбаев

19 Тамыз, 2017 18:53
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысы Щуче ауылындағы «Бурабай» гольф клубының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы рәсімге қатысушыларды жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтап, өңірдің туристік әлеуетін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Елбасы жаңа жобаның іске асырылуы отандық және шетелдік туристердің курорттық аймаққа қызығушылығын одан әрі арттыруға және келушілер санының көбеюіне септігін тигізетінін айтты.

«Біз Бурабайды Қазақстанның перспективалы туристік бағытының бірі ретінде дамытқымыз келеді. Бұл осы өңірге туристер мен спорт сүйер қауымды тарту мақсатымен жасалып отыр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Барлық жаңалықтар