- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Өзбекстанмен әскери салада ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі
Қазақстан Өзбекстанмен әскери салада ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі
Ташкент қаласында ҚР Қорғаныс министрінің Өзбекстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Кабул Бердиевпен ресми кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың келешек бағыттарын, сондай-ақ өңірдегі қауіпсіздіктің қауіп-қатерлеріне жедел ден қою мәнмәтінінде қорғаныс саласында іс жүзінде өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.
Екіжақты кездесу қорытындысы бойынша тараптар әскерлердің бірлескен жедел және жауынгерлік даярлығы шеңберіндегі және әскери білім беру аясындағы іс-шараларды қамтитын әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.
Айта кету керек, Қазақстан мен Өзбекстан әскери ведомстволарының екіжақты қарым-қатынасы тарихында мұндай құжат алғаш рет жасалып отыр.
Сапар аясында ҚР Қорғаныс министрін Өзбекстанның Президенті Шавкат Мирзиеев қабылдады. Республика Президенті екі елдің қарулы күштері арасындағы өзара іс-қимылдың қарқындылығына қанағаттандырылғанын білдіріп, өңірдің қауіпсіздігі үшін қорғаныс саласында ынтымақтастықты нығайту қажеттілігі туралы пікірін айтты.
Өз кезегінде, С. Жасұзақов Өзбекстан Республикасының Президентін құшақ жая қарсы алғаны үшін алғысын білдіріп, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жылы лебіздерін жеткізді. Қорғаныс ведомствосының басшысы әскери және әскери-техникалық салаларда қазақстандық-өзбекстандық өзара тиімді серіктестікті әрі қарай нығайтуға мүдделілігі мен әзірлігін атап өтті.
Қазақстандық делегацияның Өзбекстанда болуы кезінде Коканд қ. ӨР ҚК әскери бөлімдерінің біріне бару ұйымдастырылды. Өзбек әріптестеріміз жеке құрамның күнделікті тыныс-тіршілігі мен жауынгерлік даярлығының ұйымдастырылу үдерісін, сондай-ақ өзбек армиясы әскери қызметшілерінің тұрмыс жағдайын паш етті.
Екі күндік сапарының соңында Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Өзбекстанның тұңғыш Президенті Ислам Кәрімовті еске алып, Самарқанд қаласында орналасқан қабіріне гүл шоқтарын қойды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді