- Басты
- Жаңалықтар
- «Е-лицензиялау» порталында 2016 жылы 624 162 құжат берілді
«Е-лицензиялау» порталында 2016 жылы 624 162 құжат берілді
ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігінен хабарлағандай, «Е-лицензиялау» порталында 2017 жылдың басынан бастап кеңінен танылған бес электрондық қызмет анықталды. Олар: жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту (64 680 рет), клиникалық тәжірибеге рұқсат беру үшін маманы сертификатын беру (46 030 сертификат берілген), жеке кәсіпкер ретіндегі қызметтің басталғандығы туралы хабарлама (45 271 рет), тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тарту (15 834 рет көрсетілген), фитосанитарлық сертификатты беру (14 752 сертификат берілген).
Айта кетерлік жайт, лицензия беретін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының бизнес қауымдастығы арасындағы лицензиялау процестерді автоматтандыру және ашық механизмді қамтамасыз ету үшін құрылған «Е-лицензиялау» (http://elicense.kz) порталы рұқсаттама құжаттарын алуға, қайта рәсімдеуге электрондық өтінішті жіберу мүмкіндіктерін қамтамасыз еткенін атап өту қажет.
Бұл ретте интеграциялау және оңтайландыру есебінен, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға болатын ұйымдардың жарғылық құжаттарына, өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттарына және басқа да мәліметтерге қажеттілік алынған.
Сонымен, 2016 жылғы «Е-лицензиялау» (elicense.kz) порталы көмегімен 624 162 рұқсаттама құжаттары мен 23 316 лицензия берілген.
-
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Абай жылының айшықты тұстары -
Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды