Астанада жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады

19 Тамыз, 2017 11:38
1 маусым 15 тамыз аралығында Астана қаласының жұмыспен қамту орталығы арқылы 2500-ге жуық адам жұмысқа орналастырылған.

Елорда әкімдігінен хабарлағандай, Астана жұмыссыздық деңгейі бойынша ең төменгі көрсеткішпен көш бастап тұр. 1 тамызға дейінгі жағдай бойынша 10 000 жаңа жұмыс орны ашылып, олардың қатарында шағын және орта бизнес те бар. 

«Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу барысында Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына 4 012 тұрғын жұмысқа орналастыру өтінішімен келді. Олардың 2409 адамы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаумен қамтылды. Жұмыс берушілер арасында қонақ үй мамандықтары бойынша сұраныс өскен, бұл – аспаз, қонақ үй бизнесінің менеджері, гид-аудармашылар, қызмет көрсетушілер. Мысалы, біздің орталық арқылы ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы жаңа «Hilton» отеліне 100 адам жұмысқа тұрды», - деп көрсетілген хабарламада.

Ресми мәліметтерге сай, аталған департамент статистикасы бойынша 2017 жылдың ІІ тоқсанында Астанада жұмыссыздық деңгейі 4,5% құраған (жылдық жоспар бойынша 4,7%).

Барлық жаңалықтар