EXPO-2017

М.Варга: ЭКСПО қатысушылар арасында тәжірибе алмасудың үздік алаңы

ЭКСПО-2017 көрмесіне Мажарстан мемлекетінің қатысуы жасыл энергетиканы дамыту саласында өз тәжірибелері мен жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік берді. Бұл туралы мемлекеттің Ұлттық күнінде Мажарстан қаржы министрі Михай Варга мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 19 Тамыз, 11:13

Өз сөзінде Михай Варга Көрме тақырыбы «Болашақ энергиясы» барлық мемлекеттерге өзекті екендігін атап өтті.

«Жаңармалы энергия көздеріне көшу барлық мемлекеттерде өзекті мәселе болып табылады. Сол себепті осы бағытта мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың маңызы зор. Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі қатысушыларына өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Көрме – 2017 жылда әлемдік экономикадағы ең маңызды іс-шара. Көрме Қазақстан және қатысушы мемлекеттер үшін табыспен өтуде. Қазақстан Халықаралық мамандандырылған көрмені Орта Азияда бірінші болып өткізуде», - деді М. Варга.

«Астана-ЭКСПО-2017»ҰК»АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР  ұлттық экономика вице-министрі Мадина Әбілқасымова ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу ардақты әрі жауапты миссия деп атап өтті.

Оның айтуынша, «Болашақ энергиясы» тақырыбы барша әлемге маңызды және Мажарстан ұлттық стратегиясының басымдығы «Жасыл экономикаға» арналған.

«Мажарстан Еуропаның орталығында орналасқан мемлекет. Қазақстан еуропалық одақ кеңістігінде Мажарстан мемлекетін маңызды стратегиялық, сауда-экономикалық серіктес ретінде қарастырады. Қазіргі таңда Мажарстанның жетекші компаниялары Қазақстанда табысты жұмыс атқаруда. Бізде 50-ге жуық ортақ кәсіпорындар бар. Біздің мемлекет оларды экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Сонымен қатар, Мажарстан мемлекеті халықаралық аренада Қазақстанның сенімді серіктесі екенін атап өткім келеді. Біз екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз және екі халықтың игілігі үшін оны нығайтуды көздейміз», - деп атап өтті.

Биыл Қазақстан Республикасы мен Мажарстан Республикасы дипломатиялық қарым-қатынас орнатылуының 25 жылдығын атап өтеді. Осы жылдар аралығында мемлекеттердің барлық салаларында екіжақты жоспарлы ынтымақтастығы нығайды. Қазақстан және Мажарстан мемлекеттерінің болашақ серіктестігін арттыруға барлық жағдайлар жасалды. 





Яндекс.Метрика