- Басты
- Жаңалықтар
- 2019 жылға дейін барлық Зияткерлік мектептер CIS аккредитациясы туралы сертификат алады
2019 жылға дейін барлық Зияткерлік мектептер CIS аккредитациясы туралы сертификат алады
Зияткерлік мектептердің жаңа статусы педагогикалық ұжым мен оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Атап өтер болсақ, CIS – білім саласындағы соңғы жаңалықтар мен жоғарғы стандарттарды одан әрі ілгерілету үшін құрылған әлемдегі ең танымал ұйым. Қазіргі уақытта белді клубқа көптеген мемлекеттердің флагмандық мектептері мен оқу кешендері мүше. Сонымен қатар, ұйым әлемнің үздік 50 университетімен ынтымақтастық орнатқан, яғни бұл университеттер аккредиттелген мектеп түлектерін оқытуға мүдделі.
Аккредитациядан өту процедурасы ұзақ және жан-жақты жұмыс жүргізуді қажет етеді және ол мектепте тікелей инспекция жүргізілгеннен кейін аяқталады. Англия, Германия, Ресей, Әзірбайжан, Иордания, АҚШ және т.б. мемлекеттердің өкілдерінен құралған CIS-тің беделді тобы көктемде Семей, Өскемен және Көкшетау қалаларында жұмыс жасап, мектептердің мендежментін, мұғалімдердің кәсіби оқыту машығын, оқыту процесін ұйымдастыру мен жалпы мектеп өмірін саралап, бағалаудан өткізді. Біздің мектептердің «Өмірлік құндылықтар», «Оқыту және үйрету», «Басқару және көшбасшылық», «Кәсіби құрам және техникалық қызметкерлер», «Қолжетімді оқыту мен білім», «Операциялық жүйелер», сондай-ақ шет тілдерін меңгеру бойынша барлық әлемдік стандарттар талабына сәйкес келетіндігі анықталды.
Қазіргі таңда бес Назарбаев Зияткерлік мектептері аккредитациядан өтті. Жоспар бойынша алдағы оқу жылында тағы сегіз мектеп, ал 2019 жылы барлық мектеп халықаралық аккредитациядан өтетін болады.
Қазақстандық мектептердің әлемдік деңгейдегі таңдаулы білім беру ұйымына мүше болуы барлық отандық білім беру жүйесі үшін айтулы оқиға болды.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады