• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде шамамен 767 тонна өнім ұсынылады

Елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде шамамен 767 тонна өнім ұсынылады

19 Тамыз, 2017 10:13
19–20 тамыз аралығында «Қазақстан» спорт сарайының автотұрақ аймағында кезекті отандық тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігі.

Қаланың тұрғындары мен қонақтары үшін шамамен 767 тонна өнім ұсынылады, атап айтқанда Атырау облысы – 14,5 тонна, Батыс Қазақстан – 38,5 тонна, Павлодар облысы – 435 тонна, Жамбыл облысы – 278 тонна.

Нарықтық бағадан төмен бағамен 83 тонна ет пен ет өнімдері, сүт өнімдері – 17,5 тонна, көкеністер мен жемістер – 500 тоннадан асады, сонымен қатар бакалея өнімдері мен т.б. болады.

Тауарлар түрлері 100-ден астам атаулардан асады деп күтілуде.

Шара аймақтардың шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасымен сүйемелденеді. 

Барлық жаңалықтар