• Басты
  • Павлодар облысы Астанаға қандай мәдени бағдарламаларды дайындады
18 Тамыз, 2017 17:07

Павлодар облысы Астанаға қандай мәдени бағдарламаларды дайындады

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 19-23 тамыз аралығында Павлодар облысының мәдениет күндері өтеді. Өткізілетін мәдени бағдарламалар туралы өңір әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді.
Павлодар облысы Астанаға қандай мәдени бағдарламаларды дайындады

«Біздің өңіріміз бұрыннан бері өзінің тарихымен, мәдениетімен танылып келеді. Облыс аумағында белгілі ғалымдар, тарихшылар, шығармашыл тұлғалар дүниеге келген Баянауыл өлкесі сияқты бірегей орындар, сондай-ақ белгілі тарихи ескерткіштер орналасқан. Әлемнің әр түкпірінен келген елорда қонақтары халқымыздың тарихымен, мәдениетімен таныса алады. Біздің өңірімізде "Ұлы дала елі" фестивалін жыл сайын өткізу дәстүрге айналды, биыл бұл ауқымды іс-шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өтті, оған Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей және Франциядан 70 мыңнан астам адам қатысты. 115 әр түрлі демалыс аймағы, балаларға арналған, ойын-сауық, спорт алаңдары салынды», - деп ақпараттандырды әкім орынбасары.     

Астана тұрғындары мен қонақтарына күш сынасу үшін арнайы таңдалған тас - Балуан тас ұсынылады деп күтілуде. 

«Балуан тастың салмағы 300 кг-ға жуық. Бұл тас қасиетті Баянауыл жерінен әкелінген және атақты Қажымұқан Мұңайтпасов көтерген тастың прототипі болып табылады. Мәдениет күндері аясында Этноауыл ұлттық-мәдени кешенінде облыс мүзейлері қорынан "Ертіс - қимақтар өзені" атты көрме ұйымдастырылады, онда біздің өлкеміздің тарихымен танысуға болады. Көрме экспонаттары биылғы жылы киелі жерлерден табылған бірегей археологиялық заттар болмақ. Көрме 19-20 тамыз аралығында өтетін болады», - деп хабарлады М. Бегентаев.

Сондай-ақ, 2 облыстық театр көрермендерге өз қойылымдарын ұсынбақ.

«Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драмма театрында 19 тамыз күні Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық драмма театрының "Ғашықтар хикаясы" атты Қ. Жүнісовтың лирикалық комедиясының қойылымы өтеді. 20 тамызда Мемлекеттік орыс академиялық театрында В. Сологубтың повесі бойынша «Беда от нежного сердца» спектаклі өтеді, - деп хабарлады М. Бегентаев. 

Сондай-ақ, 20 тамыз күні "Хан Шатыр" СОО маңында павлодарлық фотосуретшілердің көрмесі өтеді. Дәл осы күні «Қазанат» ипподромында Теңге алу, Көкпар, Тоғызқұмалақ, Жамбы ату, Қыз қуудан жарыс өтеді. Ипподромдағы басты байқау бағдарламасы Қазақ күресі болмақ, оның жеңімпазына автомобиль сыйға тартылады.

Барлық іс-шаралар ЭКСПО-2017 аумағындағы амфитеатрда өтетін Павлодар облысының гала-концертімен аяқталады.  

 

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар
3.235.136.34, 192.168.88.100