• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қытайлық компания «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да жобасын жүзеге асыруға мүдделі

Қытайлық компания «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да жобасын жүзеге асыруға мүдделі

18 Тамыз, 2017 19:51
Астанада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Логистика жөніндегі вице-президенті Санжар Елубаев пен Қытайдың SANY Group Co.,LTD ірі машина жасау компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі И Сяоганмен кездесті, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Тараптар көлік-логистика саласындағы өзара серіктестікті дамыту жайын талқылады.

С. Елубаев пен SANY Group компаниясының өкілдері «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның өңірлік хаб ретіндегі жүктерді шоғырландыру мен таратудың трансеуразиялық бағдардағы түрлі мультимодальдық операцияларды жүзеге асыратын мүмкіндіктерін қарастырды. Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесін дамытуға инвестиция тарту, бірлескен қызмет түрлерінің аясын өсіру жөнінде пікір алмасты.

Қытай тарабы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА логистикалық жобаларын жүзеге асыруда өздерінің тың тәжірибелері мен  озық технологияларды қолдануға қызығушылық танытып отыр.

Келіссөз соңында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен SANY Group Co.,LTD компаниясы арасында ұзақ мерзімдік стратегиялық ынтымақтастық орнату туралы Меморандумға қол қойылды.

Барлық жаңалықтар