- Басты
- Жаңалықтар
- Самоа мемлекеті ЭКСПО тақырыбының маңыздылығын мойындайды
Самоа мемлекеті ЭКСПО тақырыбының маңыздылығын мойындайды
«Болашақ энергиясы» тақырыбының маңыздылығын ескере отырып, Самоа Үкіметі ЭКСПО-2017 көрмесіне қолдау көрсетеді. Адамзаттың энергияны шамадан тыс пайдалануы сынды жаһандық мәселелерді шешуде ЭКСПО-ның маңызы зор. Самоаның Климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ негiздемелік Конвенциясы және 2025 жылға дейін электроэнергия өндірісі үшін жаңартылатын энергия көздерінің 100% қолданылуын енгізу арқылы парниктік газ қалдықтарын қысқарту жөніндегі Климаттық міндеттемелерінің айнымастығын растаймыз», - деді Самоа қаржы министрінің орынбасары Мулипола Лейатауа Лаки Мулипола сөз басында.
Сонымен қатар, ол аталмыш мақсатқа қалай жететіндеріне тоқталды.
«Тұрақты энергиямен қамтамасыз ету саласындағы Энергетика секторының мақсаты аясында «Өмір сүру деңгейін жақсарту» атты жаңа мемлекеттік саясат көмегімен Самоа осы мақсатты жүзеге асыруда. Қазақстан Республикасы Үкіметіне осы беделді іс-шараға қатысу мүмкіндігі үшін алғысымызды білдіреміз», - деді Самоа қаржы министрінің орынбасары.
Өз кезегінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева Қазақстан мен Самоа Тәуелсіз Мемлекеті жасыл экономика бағытында өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастырып, дамыту үшін зор мүмкіндік бар екендігін атап өтті.
Бұған 2013 жылғы 7 ақпанда, Нью-Йорк қаласында екі ел арасында қол қойылған Бірлескен коммюнике дәлел.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары
-
Елордада «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» кітабының тұсауы кесілді -
Ішкі сауда және экспорт: КТО желісін, Digital Export терезесін құpу, тұтынyшы құқығын қоpғаy мәселелері -
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады -
ҚР экономикасы: Экспорт, импорт, инвестиция және экономиканы қолдау шаралары -
Қызылорда облысының дамуы: Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты, тұрғын үй, су қоймаларын салу мәселелері