- Басты
- Жаңалықтар
- «Астанагорархитектура» ЖШС «Best Enterprise» еуропалық марапатын иеленді
«Астанагорархитектура» ЖШС «Best Enterprise» еуропалық марапатын иеленді
«Бұл награда кәсіпорынның жетістіктерінің ғана емес, сондай-ақ, заманауи қарқынды мегаполис ретінде Астананың сәулет және қала құрылысының үйлесімді дамуының белгісі болып табылады», - деді Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун елорданың құрылыс саласы активінің жиналысында ұжымға марапатты ұсыну салтанаты барысында.
«Астанагорархитектура» ЖШС марапаттау туралы шешім 2013 жылғы 18 желтоқсанда Лондонда «Achievements. 2013» халықаралық Сократ сыйлығында жария етілді.
Кәсіпорынға 5 жылға тиісті лицензия беріліп, тиімді, қарқынды дамып жатқан компаниялар мен өңірлердің жалпы еуропалық тізіліміне енгізілді. Бұдан басқа, компания директоры Қасымбек Айтымов атаулы сертификатпен және «Best Manager of the Year» («Жылдың үздік топ-менеджері») төсбелгісімен марапатталды.
«Астанагорархитектура» ЖШС ұлттық серіктестер ақпараттарының негізінде ЕВА корпорациясына кіретін талдау орталықтары топтарының 2013 жылғы зерттеулерінің нәтижесі бойынша наградаға ұсынылды. Атап айтқанда, «Еуропалық нарықты зерттеу орталығы» (Бельгия), «Баден-Вюрттемберг» экспорт академиясы» (Германия), «Консультант маркетологтар ассоциациясы» (Чехия), Швейцария Сапа стандарты институты, Халықаралық бизнес көшбасшыларының клубы (Оксфорд, Ұлыбритания), Еуропа ректорларының клубы, «Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер халықаралық конгресі» (Ресей), Бүкілресейлік нарықты зерттеу орталығы және т.б. ұйымдар, сонымен қатар елшіліктер, коммерциялық палаталар, іскерлік БАҚ пен ақпарат агенттіктері. Мұнымен қоса, ұлттық сапа мен кәсіби шеберліктің бизнес рейтингтері ескерілді.
-
Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді -
«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы: COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмек жеткілікті -
Қазақстанның есебі Еуропалық Комиссияның Ұшу қауіпсіздігі комитетінің отырысында қаралды -
Еліміздегі егіс алқаптарының 25% "Астана-Нан" ЖШС дәрі-дәрмектерімен өңделеді -
Нығматулин Еуропалық Парламент делегациясын қабылдады -
Еуропалық Парламент Қазақстандағы жаңа демократиялық реформалардың айтарлықтай әлеуетін қолдады -
Германия – Қазақстанның негізгі еуропалық серіктесі – Қ.Тоқаев -
Алматы "Doing Business" рейтингі бойынша өңірлер арасында бірінші орынды иеленді -
Еуропалық Одақ Орталық Азияны дамытуға арналған бағдарламаларды қаржыландырады -
Еуропалық дипломаттар ЕО-ның Қазақстанмен ынтымақтастық әлеуетін жоғары бағалайды -
ТҚЖБ - ипотекалық несиелендіру нарығындағы көшбасшылардың бірі -
Күлімдеген әлем: Қазақстан кореялық көрменің еуропалық турнесіне енді -
Бес бастама: Ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру -
Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ ынтымақтастықты дамытуға мүдделі -
Еуропалық Одақ Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету туралы ниетін білдірді