- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да Өгем өзенінен таза су алу жұмыстары жүргізілуде
ОҚО-да Өгем өзенінен таза су алу жұмыстары жүргізілуде
Енді аталған шетелдік компания өкілдері осы уағдаластық аясында тұжырымдама әзірлемек. Бұл жұмыстар 2018 жылдың қаңтарына дейін аяқталса, одан кейін жобаның техникалық экономикалық негіздемесі (ТЭН) мен жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) әзірлеу жұмыстарының кезеңдері басталады.Бұл туралы түрік компаниясының өкілдері облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың алдында таныстырылым жасап, «DOGUS» Constraction компаниясының Қазақстандағы өкілі Юнус Эмре Суджу мен облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының арасында аталған құжатқа қол қойылды.
«Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы мамандарының мәліметінше, жоба іске асқанда Өгем өзенінде гидротехникалық имарат (сооружение) салынып, одан үш ауданға - Сарыағаш, Мақтаарал және Қазығұртқа 3-3,5 м3/сек көлемде су тартылады. Одан соң, тартылатын суағарлар (водовод) бойынан кіші су электр стансалары бой көтеріп, 51,7 МВт электр қуаты алынады деп күтілуде», - делінген әкімдік.
Сонымен қатар, аталған жоба іске асқан жағдайда, облыстың Қазығұрт, Сарыағаш және Мақтарал аудандарының 400-ге жуық елді мекеніндегі 700 мыңнан аса тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп, ауыз суға байланысты мәселе толық шешімін табады.
Еске салайық, «Өгем» өзені көршілес Өзбекстанның аумағында ішінара орналасып, трансшекаралық өзендер қатарына жатқандықтан, осы жылдың ақпанында Қазақстан мен Өзбекстан Республикалары Үкіметінің бірлескен жұмыс тобы бас қосқан болатын. Онда қос елдің өкілдері екіжақты ынтымақтастықты жетілдіру мәселелері бойынша отырысында «Өгем» өзенінің суын бұру келісілген болатын.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар