- Басты
- Жаңалықтар
- Гуандун оңтүстік-шығыс Азия әлеміне «терезе» бола алады – А.Байеділов
Гуандун оңтүстік-шығыс Азия әлеміне «терезе» бола алады – А.Байеділов
«Гуандун – Қытайдың экономикалық көшбасшысы. Сондықтанда біздің аймақтар мен Астана және Алматы қалаларына осындай алпауытпен байланыс орнату алдыңғы қатарда болғаны жөн. Гуандун оңтүстік-шығыс Азия әлеміне «терезе» бола алады. Осы ретте, Қазақстандық инвестициялық ынтымақтастық агенттігі қазақстандық аймақтың Гуандун провинциясымен іскерлік байланыс орнатуына ықпалдастық жасауға дайын. Тараптардың ынтымақтастық орнатуға мүмкіндіктері жетерлік», - деп атап өтті А. Байеділов.
Гуандун провинциясының бас хатшысының орынбасары Ли И Вей өз сөзінде Қытай мен Қазақстан көне заманнан бері серіктес екенін тілге тиек етті.
«Қытайда жақсы тәмсіл бар: «Кездесу үшін мың шақырым жерден жақсы достар ғана келеді». Гуандун апталығын өткізу аясында жолығуымыздың өзі тағдырымыздың ортақ екенін көрсетіп тұр. ЭКСПО-ның «Болашақтың энергиясы» атты тақырыбы Қытайдың жасыл экономикалық дамуының тұжырымдамасымен тығыз байланысты. Гуандун провинциясы ежелгі теңіз «Жібек жолының» маңызды нүктесі», - деді Гуандун провинциясының бас хатшысының орынбасары Ли И Вей.
Қазақстандық инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанның және қытайлық провинцияның бизнес орталарының іскерлік кездесулері өткізілді. Сонымен қатар, қытайлық әртістердің қатысуымен театрлық қойылым қойылды.
Айта кетер болсақ, Гуандун провинциясы Қытайдың оңтүстік-шығысындағы субтропикте орналасқан, аумағы 177,9 мың шаршы шақырымды құрайды.
Провинцияның 3368 шақырым құрлықтық желісі бар және теңіз биологиялық ресурстарға өте бай. Теңіз қайраңында мұнай өндірісі де жолға қойылған. Өзге де пайдалы қазбалар арасында германий, висмут, талий, тантал, селен сынды сирек кездесетін металлдардың кен орны аса үлкен маңызға ие.
Гуандунда Шэньчжэнь, Чжухай, Шаньтоу атты Қытайдың үш арнайы экономикалық аймағы бар. Гонконгпен және Макаомен көршілес орналасуы да провинцияның экономикалық дамуына оң ықпалын тигізеді.
Қазіргі уақытта Гуандун ЖІО көлемі бойынша ҚХР провинцияларының алдыңғы орнында тұр.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев