• Басты
  • Жаңалықтар
  • БҚО-да "Бастау Бизнес" жобасына қатысушы мал бордақылау жобасын іске асыруда

БҚО-да "Бастау Бизнес" жобасына қатысушы мал бордақылау жобасын іске асыруда

18 Тамыз, 2017 14:59
Теректі ауданы Абай ауылының тұрғыны «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқып, мал шаруашылығымен айналыса бастады.

Аtameken.kz ақпараты бойынша, елімізде іске қосылған "Бастау Бизнес" жобасына Батыс Қазақстан облысынан Зеленовский, Теректі, Жанғалы, Қазталов және Ақжайық аудандарының тұрғындары алғашқылардың бірі болып қатысты.

«Мен осынай маңызды жобаға қатысқаныма қуаныштымын. Осы ай ішінде біз көп нәрсені білдік. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушылардың көбі өз ісін бастап кетті», - деп атап өтті Әсел Габдушева.

Оқу барысында ол өз жаттықтырушысының жетекшілігімен бизнес-жоспарын әзірлеп, оны облыстық комиссия алдында қорғап шығады және барлық қажетті құжаттарын жинап, "Батыс Финанс" шағын қаржыландыру ұйымына қаржыландыруға тапсырады.  

«Мен мал бордақылаумен айналыспақпын, себебі осы қызмет үшін бізде барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Бізде мал жайылымына арналған жер бар. Төлдейтін мал мен асыл тұқымды өгіз сатып алып, осы істі дамытуды шештік. 21 ІҚМ басына 3 млн теңгеге жуық қаражат қажет. Сондықтан, біз осы сомаға бизнес-жоспар әзірлеп, шағын несиелендіруге бердік. Нәтижесінде, қажетті соманы алып, жоспарланған мал басын сатып алдық», - деді Ә. Габдушева.

Теректі ауданы бойынша «Бастау Бизнес» жобасымен барлығы 144 адам қамтылған. Бүгінде оқу курсын аяқтағаннан кейін өз білімін практикада қолданып, бизнес әлемінде өз жолын бастағалы жатқан 6 адамның жобасы қаржыландырылды.

Еске сала кетейік, Қазақстанда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Bastau Бизнес» жобасы бойынша жұмыссыздарды оқыту жүргізіліп жатыр. 

Барлық жаңалықтар