- Басты
- Жаңалықтар
- «Балапан» телеарнасы қазақстандық 3D-анимациялық тұңғыш мультисериал көрсетілімін бастады
«Балапан» телеарнасы қазақстандық 3D-анимациялық тұңғыш мультисериал көрсетілімін бастады
«Бастысы, мультисериалды жасаушылар өз өнімдері арқылы өзіміздің батырларымыз Наурызбай батыр, Қабанбай батыр, Бөгенбай батырлардың бейнесін ашып, ұлттық құндылықтарымызды, мәдениетіміз бен дәстүрімізді дәріптеуді көздейді. Мультисериалдың 10 минуттық бірінші бөлімінде 14 анимациялық кейіпкер қолданылған», - делінген хабарламада.
«Қазіргі кезде, өкінішке орай, біздің көгілдір экраннан көрсететіндеріміз шетелдік өнім болғандықтан балалар солардың кейіпкерлеріне еліктеп өсуде. Нәтижесінде өзіміздің құндылықтарымыз ұмыт қалып жатыр. Ал біз көтеріп отырған бастама отандық өнім болғандықтан өзіміздің төл мәдениетімізді дәріптеп, тарихи кейіпкерлердің бейнесін ашады», - дейді мультисериалдың компьютерлік графика бойынша продюсері Айнұр Темірханқызы.
Оның айтуынша, бұл қозғалысты сандандыру оптикалық жүйесін қолдану арқылы жасалған алғашқы қазақстандық анимациялық фильм. 2011 жылдың желтоқсан айында компания «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ грантын жеңіп алды. Осы қаражатқа Motion Capture от Vicon инновациялық технологиясы сатып алынған. Ол өз кезегінде 3D анимациялық фильм шығынын 50% азайтып, нәтижесінде анимация мен компьютерлік графика қызметтері барынша қолжетімді бола түспек. MoCap техникасы ойын-сауық, медицина, спорт, ғылым мен өндірісте де кеңінен қолданысқа ие.
«Басты жетістік – бұдан былай анимация автоматты түрде жасалады. Аталмыш технология өндіріс уақытын 10 есеге дейін азайтады», - дейдіА.Темірханқызы.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді