• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР және РФ жас ғалымдары екі елдің интернет-дүкендерін біріктіруді жоспарлауда

ҚР және РФ жас ғалымдары екі елдің интернет-дүкендерін біріктіруді жоспарлауда

18 Тамыз, 2017 12:36
Бурабайда Қазақстан мен Ресейдің шекара маңы ынтымақтастығы жөніндегі жас ғалымдардың бірінші халықаралық форумы барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры жанындағы жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Махмұт Томанов екі елдің сауда және өндірістік фирмаларының күш біріктіруін ұсынды.

«Біз көптеген ресейлік және қазақстандық интернет-дүкендер бір орында болуы үшін бірыңғай интернет-алаң құрмақпыз. Яғни гипермаркет түріндегі бір алаңда киім де, аяқ киім де, азық-түлік те болады. Ресейлік және қазақстандық өндірушілер өз өнімін бірге сата алады», - деді М. Томанов.

Форум спикерлері мен қатысушылары өз идеяларымен және жоспарларымен бөлісті. Мысалы, Ақмола облысының өкілдері Бурабайды ресейлік туристер үшін қол жетімді ету үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны жайында айтып берді.

Форум қорытындылары бойынша мұндай іс-шараларды жыл сайын өткізу, Қазақстан мен Ресейдің жас ғалымдары бір-бірімен пікір алмасуы үшін олардың арасындағы қарым-қатынасты қолдау туралы шешім қабылданды.

Бұдан бөлек, тараптар шекара маңы елдеріне қоғамның негізгі экономикалық, саяси проблемалары мен мәселелерін шешу жолдарын табуға мүмкіндік беретін Қазақстан-Ресей сараптамалық кеңесі бірлескен мекемесін құру туралы келісімге келді. 

Барлық жаңалықтар