- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы-1 –Шу теміржол желісі толығымен екі тармақты болды
Алматы-1 –Шу теміржол желісі толығымен екі тармақты болды
«Нұрлы жол» бағдарламасына кіретін Алматы-1-Шу теміржол желісінің екінші өткізу кешенінің құрылысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ күшімен атқарылуда.
«Біз қазіргі кезде ең ұзын қума жолдағы құрылыс жұмыстарын атқарып, жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысын аштық»,-деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ірі жобаларды жүзеге асыру дирекциясының Алматы-1-Шу телімінің екінші өткізу кешені құрылысы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Құмбай Байдәулетов.
Қума жолдың бойына 12531 метр жаңа рельс торкөздері төселді.
Құрылысшылар Саз станциясында алты бағыттауыш бұрма қайта құрастырып, оған жаңа рельс шпалдарының торкөздері төселді.
Жол төсеу жұмыстарына «Жетіген» жол машиналары станцияларының үш бригадасы, екі рельс төсеу крандары, DESEC бағыттауыш бұрмаларды құрастыру құрылғылары, түзеу- реттеу машиналары, оның ішінде Duomatic 08-32U, GEISMAR, автотрактор техникалары, жылжымалы құрамдар пайдаланылуда.
Белгі беру және байланыс, энергетиктері өте ауқымды істерді атқарды. Саз станциясында 10 метрден биік тұстарда 34 көлденең тіреулер мен ұстындар, бағандар алынып тасталды. Олардың орындарына 116 жаңа тіреулер орнатылып, ұзындығы 3,92 шақырымға түйісу сымдары құрастырылды.
«Жиренайғыр -Қопа қума жолында екінші жолдың іске қосылуына байланысты Саз станциясы жабылды. Жергілікті теміржолшылар жұмыспен қамтамасыз етілді. Биылғы екінші тамызда жаңадан су тазалау қондырғысы орнатылды. Ол арқылы жергілікті тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етіп қана қоймай, тұрғын үйлерге ауыз су тартылды. Суды ыдысқа құю цехы іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылды», - деп хабарлады ҚТЖ.
Биылғы көктемде Отар-Шілбастау бағдарындағы 25 шақырымдық екі жол да іске қосылған болатын.
Қазіргі таңда барлығы 65 шақырымдық екінші жол пайдалануға берілді. Биылғы жылы жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Алматы-Шу теміржол желісінің екінші өткізу кешенінде барлығы 112 шақырым болады.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
ИИДМ: Өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, теміржол көлігінің дамуы және тұрғын үй саласы -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау