Ақмола облысының кәсіпкері ауыл тұрғындары үшін үйлер салуда

18 Тамыз, 2017 11:12
Ақмола облысының кәсіпкері ауыл тұрғындарын тұрғын үйлермен қамтамасыз етуде, деп хабарланды Өңірлік коммуникациялар қызметінде.

Ақмола облысының Сандықтау ауданында «Свободное» ЖШС басшысы Александр Закусилов ағымдағы жылы Максимовка ауылында өз кәсіпорнының жұмысшылары үшін 10 тұрғын үй салу жобасын аяқтауда. «Свободное»  ЖШС қызметі өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығына негізделген. Шаруашылықта 1500-ден астам асыл тұқымды ірі қара мал бар. 

Александр Закусиловтың кәсіпорнында 200-ден астам адам жұмыс істейді, олардың бір бөлігі басқа өңірлерден келген отбасылар. Осы себептен тұрғын үй мәселесі орын алады. Бұл проблеманы шешу үшін 2015 жылы кәсіпорын 10 үй салу жобасын іске қосты. 

«Бүгінгі күні «Свободное» ЖШС қызметкерлері санынан 5 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Жыл соңына дейін тағы бес пәтерді тапсыру жоспарланып отыр», - деді ӨКҚ-да.

Бұдан бұрын Александр Закусиловтың бастамасы бойынша ауылда 7 коттедж салынған болатын. Ауылда 8 жыл жұмыс істегеннен кейін кәсіпорын басшысы екі коттеджді өтеусіз негізде ауылдық амбулаторияның бас дәрігеріне және "Свободное" ЖШС бас инженеріне берген.

Барлық жаңалықтар