Өңірлер

Астанада маңғыстаулықтар театрландырылған көрініс қойды

Aстанадағы Маңғыстаудың мәдениет күндері аясында «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде этнографиялық театрландырылған мәдени шара өтті. Маңғыстау көші театрландырылған көрініспен басталды.
Нұр-Сұлтан 18 Тамыз, 10:59

Облыс әкімдігі хабарлағандай,  Маңғыстау көші театрландырылған көрініспен басталды. Онда ақындар арнауын айтып, көрерменге керемет қойылым  ұсынды.

«Сонымен қатар, шараға Маңғыстау облысындағы этно-мәдени бірлестік өкілдері де қатысты. Әр ұлыс өзінің ерекшелігімен, киімімен көріністің ең ерекше бірі болды», - деп хабарлады ұйымдастырушылар. 

Сондай-ақ, этноауылдың атшабар алаңыңда спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Арнайы тігілген киіз үйлерде маңғыстаулық дәм ұсынылды. Облыстың өлкетану мұражайының көрмесі, Маңғыстаулық қолөнер шеберлерінің ашық жәрмеңкесі де өтті.

«Мен осындай тәуелсіз елде ЭКСПО көрмесі сияқты ауқымды шараның өтіп жатқанына қуаныштымын. Әрине, бұл - Елбасымыздың сарабдал саясатының, елімізде орнаған бейбітшілік пен халықтар арасындағы келісім пен бірліктің арқасында деп ойлаймын», - деді  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов. 

Сонымен қатар, этноауылда Маңғыстаулық «Отпан» фольклорлық ансамблінің концерті, Достық үйінің арнайы бағдарламасы, «Жорға» халықтық би ансамблі мен Тамара Асардың концерті қалың көрермен назарына ұсынылды.  

 





Яндекс.Метрика