- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс депутаты Н.Жұмаділдаева Қызылорда қаласының тұрғындарымен кездесті
Мәжіліс депутаты Н.Жұмаділдаева Қызылорда қаласының тұрғындарымен кездесті
Облысқа жұмыс сапарымен келген депутат қала мектептерінің мұғалімдерімен және БАҚ өкілдерімен кездесіп, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани» жаңғыру мақаласына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мақалада көрсетілген аспектілер – бәсекелік қабілет, прагматизм, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы мәселелерін кеңінен айтып өтті. Бағдарламалық мақаланың облыста іске асу тетіктеріне тоқталып, Қазалы және Қармақшы аудандарында жасалған жұмыстарға оң бағасын берді.
Сонымен бірге, Наталья Жұмаділдаева өзінің депутаттық қызметі туралы айтып өтті. Екінші сессияда атқарған жұмыстары мен қазіргі қаралып жатқан заң жобалары жайлы мағлұмат беріп, облыс тұрғындарынан заң жобаларына өз ұсыныстары мен пікірлерін жолдауды сұрады.
Қабылданған немесе қазіргі қарауда жатқан заң жобаларының халық арасында пайдаланудағы жағдайын зерделеп, қажет болған жағдайда, ұсыныс беріп, жерлестерінің өтініштерін жеткізетінін мәлімдеді. Кездесуге қатысушылардың пікірін тыңдап, сұрақтарына жауап беріп, барша ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтады.
-
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты -
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды