Агроөнеркәсіптік инвестфорумға 100-ден астам қатысушы келеді

18 Тамыз, 2017 09:32
Астанада өтетін агроөнеркәсіптік инвестициялық форум 100-ден аса аса қатысушының басын қосады. Бұл туралы «ҚазАгро»Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Гүлназ Атамқұлова ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында хабарлады.

Форум қазақстандық бизнеске ауыл шаруашылығы саласында жаңа байланыстарды орнатуға мүмкіндік береді. Бүгінде Қытай, Иран, БАӘ, Венгрия, Польша, Ресей, Испания, Түркия тағы басқа елдерден 100-ден аса адам қатысатынын растаған.

«Қатысушылар мен баяндама жасайтындардың арасында Азия даму банкі, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы, Ислам даму банкі, халықаралық электронды сауда алаңының және тағы басқа ұйымдардың өкілдері бар. Ал қазақстандық өндірушілер агрожобаларды іске асыру мен инвесторлармен жұмыс істеу тәжірибелерімен бөліседі. Форумға ірі шетел инвесторлары, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттардың және инвестициялық қорлардың өкілдері, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік агробизнестің көптеген мамандары шақырылған», -деді спикер.

Г. Атамқұлова  атап өткендей, форум аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен Еуропалық Инвестициялық банкі арасында келісімшартына, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен және RACS (БАӘ) компаниясымен арадағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға, «ҚазАгро» Холдингі мен Азия даму банкі қол қойылатын болады.   

«Бұдан өзге, Холдинг Қазақ-Венгер қорының жылыжай кешені жобасын іске асыру бойынша алғаш мәмілесін, сондай-ақ Da Vinci Capital компаниясымен тікелей инвестициялардың бірлескен қорын құру бойынша негізгі параметрлерін анықтау жөніндегі келісімді бекітуді жоспарлап отыр», - деді  Г. Атамқұлова.

Сонымен, Астанада 2017 жылдың 25 тамызында «AgroInvest Forum 2017» агроөнеркәсіптік инвестициялық форумы өтеді. Панельді сессия аясында вице-премьер – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов агроөнеркәсіптік кешенінің экспорттық әлеуетін дамытудың жаңа үрдісі жайлы сөз сөйлейді деп күтілуде. Ал «ҚазАгро» Холдингінің басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов инвестицияларды тарту бойынша холдингінің қызметі туралы баяндап береді.  

Барлық жаңалықтар