- Басты
- Жаңалықтар
- Рухани жаңғыру Қазақстан халқын біріктірді (ШОЛУ)
Рухани жаңғыру Қазақстан халқын біріктірді (ШОЛУ)

«Қазақстан жаңа тарихи кезеңге өтті. Биылғы Жолдауда мен Қазақстанның үшінші жаңғыруы туралы жариялаған болатынмын», - деді Елбасы өз мақаласында.
Шын мәнісінде, Қазақстан қалыптасудың екі кезеңін бастан кешірді: экономиканы жаңғырту және саясатты жаңғырту. Енді кезек халыққа жетті, ол әлемдік қауіпсіздік пен уақыт жүктейтін өзгерістерге дайын болуы керек.
Мақала шыққан соң, көптеген мемлекет қайраткерлері мен мемлекеттік қызметкерлер жаңашылдықтар туралы өздерінің пікірлерін білдірді.
Айта кетерлігі, Президент тапсырмаларының ішінде «Туған жер», «Рухани жаңғыру», «Сакралды Қазақстан» жобалары бар. Сондай-ақ, Елбасы қазақ әліпбиінің латыншаға көшуі туралы еске салған болатын.
Мақала жарияланған соң рухани жаңғыруды жүзеге асыру бойынша құрылған Ұлттық комиссия төрт кеңес өткізді. Осы уақыт аралығында Қазақстан өңірлерінде Президент тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыс жүзеге асырылды. Қалалар мен ауылдарда көшелерді абаттандыру, ескерткіштерді жаңғырту жүргізілуде. Сондай-ақ, Қазақстанда 100 шетелдік кітап қазақ тілінде жарық көреді. Президенттің саясатына сәйкес, бұл халықты біріктіруге жасалып жатқан жұмыс.
Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-де өткен ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы бойынша ұлттық комиссиясының отырысында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Анатолий Башмаков «Туған жер» бағдарламасының мақсаты жастардың Отанына деген сезімін арттыру екендігін айтты.

«Қоғамдық сананы жаңғыртуға дейін біздің қоғам дамудың бірнеше кезеңдерінен өтті. Мен Альберт Эйнштейннің адамның көзқарасын өзгерткеннен атомды ыдырату оңай деген сөзін жиі еске аламын. Менің ойымша Ұлттық комиссияның мүшелері және осы жұмысқа жақын болатын барлық адамдар біздің санамызды жаңғырту бойынша сауалнамамен жұмыс істеудің қаншалықты маңызды екенін түсінуі тиіс», - деп атап өтті А. Башмаков.
Еске салсақ, ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен өткен отырыстардың бірінде комиссия мүшелері орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жұмысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жеткізілген нәтижелерді айтты.
Аталмыш отырыстар барысында мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшуі, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа кітап», «Туған жер», «Сакралды Қазақстан», «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет», «100 жаңа есім» бағдарламалары талқыланады.
Ұлттық комиссия өкілдері «Рухани жаңғыруды» одан әрі ілгерілендіру бойынша ұсыныстар әзірледі. Мәселен, «Рухани жаңғыру» бойынша әдістемелік материалдар дайын болды. Оның ішінде БАҚ-қа арналған әдістемелік құрал, ЖОО-ларға арналған әдістемелік құжаттар әзірленді.
Өз кезегінде, Ә. Жақсыбеков атап өткендей, оған орталық және жергілікті мемлекеттік органдар белсенді қатысуда, сондай-ақ облыстарда арнайы комиссиялар, жобалық кеңселер және сарапшылар топтары құрылған.

«Біз орталық жобалық кеңсенің жұмысымен таныстық. Өздеріңіз көріп отырғандай, өте көп жұмыс атқарылды. Ұлттық комиссияның құрамына кірген арнайы топ жұмыстарының алғашқы нәтижелері көріне бастады. Біз осы іс-шараларды ұйымдастыруда жаңа деңгейге қол жеткіздік. Бүгінгі таңда жаңа әліпбидің жобасы әзірленді. 600 нысан киелі жер болып белгіленсе, 22 нысан бойынша ғылыми-реставрациялық жұмыстар басталған. «Туған жер» бағдарламасы бойынша едәуір жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, мәдениет саласындағы ең үздік жұмыстар іріктелді», - деп атап өтті Ә. Жақсыбеков.
Айта кетерлігі, әрбір отырыста облыс әкімдері баяндамаларын оқиды, олар өз өңірлеріндегі жұмыстың жүргізілу барысы туралы есеп береді. Олардың әрбіреуі отандастардың аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға қызығушылық танытатындығын айтып өтті. Мәселен, төртінші отырыста «Туған жер» жобасы бойынша форум жұмысын Ақтөбеде өткізу ұсынылды.
Кейбір бағдарламалар тек отырыс барысында жүзеге асырылады деп айтуға да болмайды.

Жалпы, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі туралы сәйкес топ күзде жаңа әліпбидің жұмыс нұсқасын таныстырады. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазіргі таңда гуманитарлық пән бойынша 17 оқулықтың тізімі шығарылды. Ұлттық аудармалар бюросы бағдарламасы аясында олар аударылып жатыр.
Сондай-ақ, «Қазақстанның сакралды географиясы» жобасы бойынша 100 тарихи нысан республикалық деңгейде, 500 өңір деңгейінде таңдалды. «Жаһандық әлемдегі Қазақстанның қазіргі мәдениеті» жобасы бойынша үздік туындылардың шорт-парақшалары әзірленді. Оның ішінде 216 туынды әдебиет бойынша, 48-і «театр және кино, хореграфия» саласында, 182 қолөнер саласында болса, 200-ден астамы музыка саласындағы туындылар. Туындыларды алдын ала таңдау қоғамдық талқылау бойынша жүзеге асырылады. Одан әрі тізім сарапшылар тобына іріктеу талабының сақталғандығын тексеруге жіберіледі.

«100 жаңа есім» жобасы аясында 1500 өтініш келіп түсті, олар бойынша дауыс беруге үміткерлер іріктеледі. Айта кетейік, тізім el.kz сайтында жарияланады.
Бүгінгі таңда қорытындылай келе, Қазақстан азаматтары тыста қалмай, Елбасының ата-баба дәстүрін жаңғырту бастамасын қолдайды. Жаһандық іске әрбір азамат өз үлесін қосуға тырысып жатыр. Бұл Елбасының мақаласы бей-жай қалдырған жоқ деген сөз, әрбір азамат болашаққа үмітпен қарайды.
Гүлтай Хасенова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру