Н.Назарбаев рухани жаңғыру үдерісі туралы баяндады

17 Тамыз, 2017 19:33
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы сұхбат барысында рухани жаңғыру үдерісіне қатысты өзекті сұрақтарға жауап беріп, конституциялық реформадан күтілетін нәтижелер жөнінде айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін өткізудің маңыздылығына тоқталып, оның жұмысы аяқталғаннан кейін кешен нысандарын пайдалану жоспары туралы ой бөлісті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев отандық туризмді дамытудың перспективалары және өңірлердегі мәдени-туристік кластердің қалыптасуы жөнінде әңгімеледі.

 

Барлық жаңалықтар