«Туған жер» жобасы бойынша форумды Ақтөбеде өткізу ұсынылды

17 Тамыз, 2017 17:54
«Туған жер» жобасы бойынша форумды Ақтөбеде өткізу туралы ұсынысты аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы бойынша ұлттық комиссиясының отырысында берді.

«Біз «Туған жер» жобасы бойынша «Рухани жаңғыруды» жүзеге асыруға бағытталған аталмыш республикалық форумды Ақтөбеде өткізу туралы өзіміздің ұсынысымызды жасаймыз. Біз өзіміздің барлық әлеуметтік нысандарымызды, бизнес-жобаларымызды таныстырғымыз келеді, медицина, білім, мәдениет және т.б. салаларда шеберлік сыныптарын өткіземіз. Бұл бастамаға комиссия мүшелерінің қолдау көрсетулерін сұраймыз», - деді ол.  

Бүгінде әкімдіктің басшылығымен «Ақтөбе-құт мекені» жаңа сайты ашылды.

«Біз әлемнің 15 елінде өмір сүріп жатқан 200-ден астам қазақстандықтарды жинадық. Олар біздің аймақ ұйымдастырып жатқан игі істерге қатысуға келісім берді. Біз форумды өзіміздің нысандардың негізінде өткізуді ұсынамыз. Олар Оқушылар сарайы, Жастар сарайы, Спорт сарайы, музей және Жұбановтың үйі», - деп атап өтті әкім.

Ол хабарлағандай,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 335 шара өткізілген, оларға 100 мыңнан астам адам қатысқан.

 «Жалпы, жергілікті халық бұл бағдарламаны қолдайды, себібі оның пайдасы бар. Бұдан басқа, ол тұрғындарға өздерінің өмір сүріп жатқан өлкесі туралы көбірек білуге мүмкіндік береді», -деп түйіндеді Сапарбаев.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар