- Басты
- Жаңалықтар
- Ә. Жақсыбеков: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жалпыұлттық жобаға айналуы тиіс
Ә. Жақсыбеков: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жалпыұлттық жобаға айналуы тиіс
Ә. Жақсыбеков атап өткендей, оған орталық және жергілікті мемлекеттік органдар белсенді қатысуда, сондай-ақ облыстарда арнайы комиссиялар, жобалық кеңселер және сарапшылар топтары құрылған.
«Біз орталық жобалық кеңсенің жұмысымен таныстық. Өздеріңіз көріп отырғандай, өте көп жұмыс атқарылды. Ұлттық комиссияның құрамына кірген арнайы топ жұмыстарының алғашқы нәтижелері көріне бастады. Біз осы іс-шараларды ұйымдастыруда жаңа деңгейге қол жеткіздік. Бүгінгі таңда жаңа әліпбидің жобасы әзірленді. 600 нысан киелі жер болып белгіленсе, 22 нысан бойынша ғылыми-реставрациялық жұмыстар басталған. «Туған жер» бағдарламасы бойынша едәуір жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, мәдениет саласындағы ең үздік жұмыстар іріктелді», - деп атап өтті Ә. Жақсыбеков.
Сонымен қатар, «Жаңа гуманитарлық білім» жобасы шеңберінде гуманитарлық пәндер бойынша 17 оқулықтың тізімі құрастырылды.
«Бұл жүзеге асырылып жатқан барлық жұмыстардың басы ғана. Барлық бағыттар бойынша жоспарлы жұмыстар бар. Ең бастысы, бұл бастамалар қоғам тарапынан қолдау табуда. Болашақта ауқымды жұмыстар жүргізілмек. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жалпыұлттық жобаға айналуы тиіс», - деп қорытындылады ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы.
Ақбота Күзекбай
Фото Бауыржан Жуасбаев
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері