Атырауда облыс жастарының алғашқы құжаты құрылды

6 Қаңтар, 2014 10:27
Атырауда жастардың құжатын құру мақсатында жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға 14-29 жас аралығындағы 1 мың қала тұрғыны қатысты. Сауалнама Атырау қаласынан бөлек аудандарда да жасалды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Мұндай «құжат» жастарымызда қандай мәселелер бар екенін анықтауға көмек береді. Олардың отбасын ұғымына, дінге, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына деген көзқарастары ескеріледі. Осы арқылы жастар арасындағы күн тәртібіндегі мәселелер шешілмек», - дейді облыстың жастар саясаты басқармасының жетекшісі Мейірім Қалауи.

Айта кету керек, «жастар құжаты» өңірде алғаш рет қолға алынды, енді жыл сайын жаңартып отырылатын болады.

Қазіргі таңда облыста 14-29 жас аралығындағы 157 мың адам бар. Соның ішінде 76 мыңы Атыраудың өз басында болса, қалған 81 мыңы аудандарда тұрады.

 

Барлық жаңалықтар