- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақстан 2050» қозғалысы қоғамдық сананы жаңғырту мақсатында қандай жобаларды жүзеге асырады
«Қазақстан 2050» қозғалысы қоғамдық сананы жаңғырту мақсатында қандай жобаларды жүзеге асырады
«Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы Ұлттық комиссия аясында бірқатар жобаларды жүзеге асырып жатыр.
«Бізде ірі зәкірлі жобалар мен бастамалар бар, біз оларды Азаматтық қоғаммен бірлесіп жүзеге асырып жатырмыз. Жобаларға келетін болсақ, «Рухни жаңғыру» бағдарламасына енген ірі жобалардың бірі «Краудсорсинг kz». Бұл жоба қоғам мен жергілікті атқарушы билік арасындағы коммуникациялық кедергілерді жоюға бағытталған. Біз Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында пилоттық жобаны жүзеге асырып жатырмыз», - деді Мұхтар Манкеев.
Ол айтып өткендей, келесі жылдан бастап қозғалыс аталмыш жобаны өзге өңірлерде жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
«Біз әкімдіктер мен министрліктер жақсы бағдарламаларды жүзеге асырып жатқандығын білеміз, олар әлеуметтік санат пен бизнесті қолдауға бағытталған. Алайда, сараптама жүргізе келе жұртшылық аталмыш бағдарламалардың мағынасын толық түсінбей жатқанына көзіміз жетті. «Краудсорсинг kz» негізінде әкімдіктер мен министрліктер барлық бағдарламаларды жариялай алады. Одан әрі әкімдік пен қоғам арасындағы талқылау жүзеге асырылады. Осылайша, белсенді азамат ең үздік консультант ретінде билік алдында өзін көрсетуі керек. Себебі, қоғамның белсенді еместігі туралы мәселе көп көтеріледі», - деді қозғалыс төрағасы.
Жалпыұлттық қозғалыс басшысы латын әліпбиіне көшу бойынша да бағыт бар екенін айтып өтті.
«Біз 1929-1940 жылғы «Қазақ кітаптары» көрмесін іске қосқан едік. Латын тілінде шыққан 1500 кітаппен ауқымды жұмыс жүргізілді. Біз оларды Ұлттық академиялық кітапханамен бірігіп жүзеге асырдық. Бұл көрме жыл соңына дейін тегін болмақ. Сондай-ақ, біз ашық пікірталас ретінде «Move up 2050» бастамасын іске қостық. Жұртшылық қоғамдық сананы жаңғырту аясында әртүрлі бағдарламалармен жұмыс істегісі келеді. Сондықтан да біз кездесулерді саябақта, демалыс орындарында өткізіп жүрміз», - деді спикер.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда