- Басты
- Жаңалықтар
- Денсаулық сақтау министрлігінде барлық дәрілік заттарға бағаны реттеу жүйесі әзірленді
Денсаулық сақтау министрлігінде барлық дәрілік заттарға бағаны реттеу жүйесі әзірленді
«Қазақстан халқына Жолдауындағы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі осы жылдың соңына дейін барлық дәрілік заттарға бағаны реттеу жүйесін енгізуі қажет. Қазіргі уақытта барлық дәрілік заттарға шектеулі баға қалыптастыру әдісі жасақталды. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» ҚР Кодексі мен ҚР Кәсіпкерлік кодексіне Министрлікке барлық дәрілік заттардың бағасын реттеу құзыретін беру бөлігінде тиісті өзгерістер енгізіледі», - деді Е.Біртанов.
Заң жобасын әзірлеу жөнінде жұмыс тобы құрылды, Жол картасы бекітілді және Тұжырымдама әзірленіп, НҚА сайтта ашық талқылауға ұсынылды, сондай-ақ, тіркелген НҚА «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына келісуге жіберілді. Нормативтік құқықтық актілер қабылданғаннан кейін дәрілік заттардың бағалары реттеледі.
2017 жылдың І жарты жылдығында Ұлт жоспарының 82-қадамын жүзеге асыру аясында құрылған Медициналық қызмет сапасы жөніндегі бірлескен комиссия диагностиканың және емдеудің 61 клиникалық хаттамасы мен 14 медициналық технологияны мақұлдады.
Хирургиялық, жақ-бет сүйегі хирургиясы, неонатальды хирургиялық көмек көрсету стандарттары әзірленді. Жыл соңына дейін 180 клиникалық хаттама (оның ішінде 98 жаңа, 82 бұрынғы, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың 8 стандарты) әзірлеу және жетілдіру жоспарланған.
«Қазіргі уақытта ОКК өзін-өзі реттейтін ұйымға беру жұмыстары жүргізілуде, ол мемлекетпен бәтуалықта кәсіби қауымдастықпен өздері шешім қабылдауларына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, іріктеу және алдағы уақытта мемлекеттік органның кейбір қызметтерін беру үшін кәсіби медициналық қауымдастықтар қызметінің белгіленген өлшемдерге сәйкестігін бағалау мақсатында, оларды акредитациядан өткізеді», - деді ол.
-
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады