- Басты
- Жаңалықтар
- «Туған жер» жобасы отанымызға аса үлкен қамқорлықпен қарауға негізделген – А.Башмаков
«Туған жер» жобасы отанымызға аса үлкен қамқорлықпен қарауға негізделген – А.Башмаков
Атап өтер болсақ, Анатолий Башмаков Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы бойынша ұлттық комиссиясының мүшесі.
«Мен және менің әріптестерім қиын жұмыс күнделікті басқосуға айналып кетпеуі керек екенін түсіндік. Себебі қоғамдық сананы жаңғыртуға дейін біздің қоғам дамудың бірнеше кезеңдерінен өтті. Мен Альберт Эйнштейннің адамның көзқарасын өзгерткеннен атомды ыдырату оңай деген сөзін жиі еске аламын. Менің ойымша Ұлттық комиссияның мүшелері және осы жұмысқа жақын болатын барлық адамдар біздің санамызды жаңғырту бойынша сауалнамамен жұмыс істеудің қаншалықты маңызды екенін түсінуі тиіс», - деп атап өтті А. Башмаков.
Ұлттық комиссия мүшесі толықтырып кеткендей, бар тәжірибені және қоғамның ақпараттық ресурсын ескере білу керек.
«Мәселе қайта қодтау туралы емес, бастысы бар тәжірибені және қоғамның ақпараттық ресурсын ескере білу керек. Осы ретте, мен ҚХА комиссиясына өзінің беделімен адамның көзқарасын өзгерте алатын тұлғаларды тарту керек деп айтып келемін. Міне осындай адамдарды іріктеп алып, Президенттің идеясын күллі қоғамға таратқан жөн», - деп бөлісті Анатолий Башмаков.
Спикер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, атап айтқанда «Туған жер» туралы айтып берді.
«Мен кіретін топтың аты «Туған жер» деп аталады және ол бастамалардың бастауы. Себебі туған жер арқылы отаныңа деген көзқарасын қалыптасады. Біздің басты міндетіміз жас ұрпаққа өз отаныңа үлкен қамқорлықпен қарауға бейімдеу, сол қасиетті бойларында тәрбиелеу . Біз аймақтарды араладық, мен өзім үш облыста болдым. Күз болысымен аталмыш бағытта белсенділік арта түседі, әзірге дайындық жұмыстары жүргізілуде», - деп атап өтті ол.
Осы ретте, Анатолий Башмаков заманауи қоғамды жаңғыртатын адам қандай болуы керек екеніне тоқталды.
«Бір шешіммен адамдардың санасын өзгерту мүмкін емес. Бастысы бұрынғы жаман әдеттерімізден арылуымыз керек, кешігіп келу, ешқандай жауапкершілікті алмау деген сияқты. Қазақстанда тұратын барша халық өзінің тарихын сүйіп, оны қадірлеу білуі тиіс», - деді А. Башмаков.
Ақбота Күзекбай
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері