- Басты
- Жаңалықтар
- Б. Сағынтаев Боливияның сыртқы істер министрімен серіктестікті дамытуды талқылады
Б. Сағынтаев Боливияның сыртқы істер министрімен серіктестікті дамытуды талқылады
17 Тамыз, 2017 13:37
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Астанаға жұмыс сапарымен келген Боливияның сыртқы істер министрі Фернандо Уанакуни Маманимен кездесті, деп хабарлады Primeminister.kz.
Кездесу барысында энергетика, мәдениет, ғылым және білім беру салаларындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Екі тарап, сондай-ақ, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, көлік салаларында, таза технологияларды дамыту мен жаңғыртылатын энергетика салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды құру мен іске асыруға мүдделі екендерін білдірді.
Фернандо Уанакуни Маманидің айтуынша, Боливия тек қана газ секторында емес, сонымен қатар сирек кездесетін металлдар мен атом өнеркәсібі салаларында да серіктестікті дамытуға әзір.
Бақытжан Сағынтаев екіжақты ынтымақтастықтың нығая түсуіне қызығушылық білдіріп, Фернандо Уанакуни Маманиге Қазақстанның Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуіне қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді