- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда бюджеттен тыс қаражат есебінен 2 музей салынды
Қазақстанда бюджеттен тыс қаражат есебінен 2 музей салынды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Президентіміздің осы мақаласын жүзеге асыру аясында «Рухани қазына» бағдарламасын қабылдаған болатын.
Мәселен, бюджеттен тыс қаражат есебінен таяуда екі облыста 2 музей салынған. Бірі – шығысқазақстандық А. Ережепұлы атындағы мектеп-мұражай, екіншісі – Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы.
Тәжірибе көрсеткендей, бұл жобаларды жүзеге асыру үшін бюджеттен қаражат бөлу қажет етілмеген. Бұл орайда «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында қазірдің өзінде мұражайлар, кітапханалар және әлеуметтік нысандар құрылысы жүргізіле бастағанын айтуға болады.
Шығыс Қазақстан облысының тумасы, «Элхон» ЖШС директоры Тумашинов Лукбек Шабданович бюджеттен тыс қаражат есебінен мектеп-мұражайдың құрылыс жұмыстарын жүргізді. Аталмыш мектеп-музейі 1907 жылы ірге көтерген екен және ол Шығыс Қазақстан облысындағы ең бірінші мектеп-музей болып табылады.
Сол сияқты Ақтөбе облысының кәсіпкері Исламғали Салжанов облыстық тарихи-өлкетану музейінің 1640 ш.м. құрайтын (11 залы бар) экспозициялық алаңына құрылыс жұмыстарын жасау үшін қаражат аударған.
Осылайша, отандық меценат – атымтай жомарт ел азаматтары ауыл мәдениетін көтеруге мемлекеттен бір тиын шығармастан, өз қаражаттарына мәдени ошақтары бой көтеруге шындап кіріскен. «Талаптарыңа нұр жаусын!» деген жүректен шыққан тілектерін жаудыруда мұндай өнегелі ұлдарына жергілікті тұрғындар.
Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту мәселесіне айрықша көңіл бөлді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша