- Басты
- Жаңалықтар
- Азаматтарды өз елінің өзекті мәселелерін шешуге белсенді қатысуға шақыру керек – А.Нүкенов
Азаматтарды өз елінің өзекті мәселелерін шешуге белсенді қатысуға шақыру керек – А.Нүкенов
Оған облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында әлеуметтік салалардағы түрлі бағыттармен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың 200-ге жуық өкілдері қатысты.
Отырыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, ҮЕҰ үшін сыйлықақы тағайындау, сонымен қоса азаматтық сектор үшін ҮЕҰ мәліметтер базасын алдын ала таныстыру мәселелері талқыланды.
Іс-шара барысында А.Нүкенов Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты шеңберінде іске асырылып жатқан «Атамекен» бағдарламасы туралы баяндады.
«Жалпы, «Атамекен» бағдарламасы азаматтарды туған елдегі өзекті мәселелерді шешу үшін өздерінің күштерін біріктіру мен белсенділігін арттыруға бағытталған. ҮЕҰ мен азаматтарды оны іске асыруға белсенді қатысуға шақырамын» - деп атап өтті А.Нүкенов.
Министрлікпен аталған бағдарлама шеңберінде 2 негізгі бағыт пысықталуда: біріншісі, «Әлеуметтік бастамалар картасы», бұл меценаттың, мемлекеттік органдардың, бизнестің, волонтерлердің, ҮЕҰ мен азаматтардың қатысуын қажет ететін аймақтық жобалардың ашық интерактивті базасы болып табылады. Бүгінгі таңда, Картаға аймақтардың ұсыныстары негізінде 83 жоба енгізілді. Жобаның таныстырылымы қазан айында өтеді.
Екіншісі, тұрғындарды, бизнес-құрылымның өкілдерін, меценаттарды, ҮЕҰ мен волонтерлерді өз отанын, сонымен бірге тұтастай мемлекетті дамытуға қатысуға ынталандыру, марапаттау және ынталандыруға бағытталған «Жомарт жүрек» жобасы.
ҮЕҰ өкілдері «Әлеуметтік бастамалар картасы» жобасына қызығушылық танытып, осы жобаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді және оларды одан әрі іске асыру жөнінде пікірлерімен алмасты.
Сонымен қоса, отырыс барысында ҮЕҰ-ға infonpo.kz - ҮЕҰ-дың мәліметтер базасының онлайн-порталы ұсынылды. Интернет-порталдың презентациясы осы жылдың күзіне жоспарлануда.
Сонымен бірге, іс-шарада ҮЕҰ сыйлықақы тағайындау бойынша мәселелер талқыланды. ҮЕҰ сыйлықақы тағайындау үшін ұсыныстар 2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданатынын ескертеміз. Толық ақпарат министрліктің din.gov.kz сайтында орналасқан.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар