• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар облысында Кәсіпкерлікті дамытудың тұңғыш аймақаралық форумы өтті

Павлодар облысында Кәсіпкерлікті дамытудың тұңғыш аймақаралық форумы өтті

6 Қаңтар, 2014 10:20
Павлодар облысы Успен ауданында Кәсіпкерлікті дамытудың тұңғыш аймақаралық форумы өтті, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Успен ауданында алғаш рет өткен Кәсіпкерлікті дамыту тұңғыш аймақаралық форумы аясында Успен ауданы әкімдігі мен Бурлин ауданының әкімшілігі (Алтай өңірі) арасында ауыл шаруашылық тауарларының экспорты мен импортын ұйымдастыру жөнінідегі келісімшартқа қол қойылды», - делінген хабарламада.

Форум бағдарламасына сәйкес сұхбат алаңы ұйымдастырылып, онда Қазақстан мен Ресейдің шекара маңы ынтымақтастығын кеңейту мәселелері қарастырылды. Бұдан кейін Галицкое ауылында екі шекара маңы ауданы өкілдерінің кездесу өтті.

Бүгінгі таңда Успен ауданында 600-ге жуық жеке меншік кәсіпкерлер өз ісін табысты жүргізіп жатыр, арасында 182 ірі шаруа қожалығының басшылары да бар. Олардың басым бөлігі бүгінде ресейлік жақпен бірлескен бизнес жүргізуге сақадай дайын.

 

Барлық жаңалықтар