- Басты
- Жаңалықтар
- «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өзінің миллионыншы салымшысын күтуде
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өзінің миллионыншы салымшысын күтуде
Бірінші бағыт несиелік тұрғын үй құрылысына негізделген, ол тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі мен жеке тұрғын үй құрылысы бойынша жүзеге асырылады. Л.Ибрагимова айтып өткендей, бұл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жаңа бағытты Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүзеге асырып жатыр.
«Келесі бағыт аясында –несиелік тұрғын үйді жүзеге асыруда біз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына салынған пәтерлерді бөліп береміз. Олар келесі талапқа сай болуылары керек: ҚР азаматтығы немесе оралман мәртебесі, банктегі төлей алу қабілетін растау, соңғы бес жылда ҚР аймағында пәтері болмауы. Бұл тұрғын үйді жылдық 5 пайызбен алғашқы салым 30 пайызбен баспана алудың тамаша мүмкіндігі», - деді ол.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшысы айтып өткендей, миллиондық салымшы күтілуде.
«Тамыз айының соңында, қыркүйектің басында бізде жаңа миллоныншы салым ашылады. Құттықтасаңыздар болады. 14 жыл ішінде 1 млн 392 мың келісім ашылды. Биылғы жылдың 3 сәуірінде «Нұрлы жер» бағдарламасына халықты белсендірек тарту үшін депозит ашу мен келісім сомасын ашуға комиссия алынып тасталды. Ол осыған дейін келісім сомасының 0,55 пайызын құраған еді», - деді спикер.
Ләззат Ибрагимованың айтуынша, күн сайын банкте республика бойынша мыңдаған келісім ашылады. Банкте 122 мың балалар салымы бар.
Айта кетейік, баспасөз-конференциясы аясында инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр айтып өткендей, 7 айдың қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 6 млн 200 мың шаршы метр тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пайдалануға берілді.
Ақбота Күзекбай
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
А. Цой: Тамыз-қыркүйек айларындағы эпиджағдайға болжам жасады -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған