- Басты
- Жаңалықтар
- БАӘ компаниясы ОҚО-дан қоқыс өңдейтін зауыт салуды қарастыруда
БАӘ компаниясы ОҚО-дан қоқыс өңдейтін зауыт салуды қарастыруда
Кездесу барысында қонақтар өңір басшысына компания туралы толық ақпарат беріп, іске асырылғалы отырған инвестициялық жобасын таныстырды. 25 жылдық тарихы бар компания түрлі салаларда еңбек етеді. Негізінен бизнес жобаларды әзірлеп, инвестициялық ірі құрылымдарды құруға жәрдемдеседі. Компанияның бас ғимараты Біріккен Араб Әмірлігінің Рас-Ал-Хайма қаласында орналасқан.
«Біздің мақсатымыз - Оңтүстік Қазақстан облысынан тұрмыстық қатты заттарды қайта өңдеуден өткізетін зауыт салу. Бұл ретте біздің компания негізгі екі бағытта жұмыс істеуді көздеп отыр. Оның алғашқысы – тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу болса, екіншісі – жасыл экономика саласын дамыту. Аталған екі жоба да экологияға зиянсыз әрі екі жаққа да өте тиімді деп ойлаймыз», - деді Йорга Шнайдер мырза.
Шетелдік қонақтардың инвестициялық жобасымен танысқан облыс басшысы өңірдің экономикалық әлеуетін баяндап, инвесторларға мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктерді түсіндірді.
«Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша облысымызға бұған дейін де бірнеше ұсыныстар келіп түскен болатын. Алайда олардың бірқатары қағаз жүзінде іске аспай қалды. Оған бірқатар себептер болғаны да жасырын емес. Ендігі мәселе – аталған зауыттың құрылысын тездетіп бастап, іске асыру өте маңызды. Бұл ретте жергілікті билік арнайы жұмысшы тобын құрып, атқарылатын шаруалардың кестесі түзілуі тиіс», - деді Ж. Түймебаев.
ОҚО әкімдігі хабарлағандай, бүгінде облыс халқының саны күн санап артып келеді. Яғни тұтынушы бар жерде қоқыстың да арта түсетіні заңдылық. Осы мәселеге тоқталған өңір басшысы аталған зауытты Түркістан мен Кентау қалалары төңірегіннен немесе Сарыағаш, Мақтарал аудандарының маңынан салуды ұсынды.
Қонақтар облыс басшысының бұл ұсынысын қабыл алып, аталған аумақтарға арнайы барып танысып қайтуға ниетті екендіктерін жеткізді.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
Stop Musor: «Қазақстан қалаларын қоқыс басып барады» -
СҚО-ның дамуы: Зауыт-фабриканың іске қосылуы, инвестиция көлемінің артуы және өңірдегі эпиджағдай
-
Ауыл шаруашылығын дамыту: Жаңа зауыттар мен фабрикалар пайдалануға беріледі -
Қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыру мәселесі талқыланды -
Ауыл шаруашылығын дамыту: Жаңа зауыттар мен фабрикалар пайдалануға берілмек -
Экобелсенді: Қалдықсыз қоғам қалыптастыруымыз керек -
ВИДЕО: Экология министрлігі Бурабай мен Зерендідегі стихиялық қоқыстарға рейд жүргізді -
ФОТО: Бурабайда қоқыс төгетін полигон жоқ. Экология министрлігі рейд жүргізе бастады -
Табиғатқа залал келтіргендер жазаланады – Экология министрі