- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысы 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын анықтады
Қызылорда облысы 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын анықтады
«Қызылорда облысының әлеуметтік және экономикалық даму міндеттемесі мен басымдылықтары Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауына негізделген. Стратегияның мақсаты – облыстың әр ауылында, ауданы мен қаласындағы халықтың өмір сүру деңгейін арттыру. Стратегиялық құжаттың маңызды бағыты ретінде өмір сүруге қажетті инфрақұрылымды дамыту, газбен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларын жетілдіру болып табылады», - делінген хабарламада.
Құжатқа сай, өңірде қайта өңдеу өнеркәсібінің құрылысы, ауыл шаруашылығы, транспорт пен сауда-саттықты дамыту қолға алынбақ. Бір жылда жоспар бойынша кемінде 8 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Осыған орай, жұмыссыздық деңгейі де 4,3 пайызға дейін төмендейді деп күтілуде.
Сонымен қатар, облыста мұнай мен газ барлаудағы жаңа технологияларды қолдану арқылы мұнай мен газ секторын дамыту, қайта өңдеу өнеркәсібі, салалардың дамуына қарқын беретін ірі индустриялдық жобаларды жандандыруға күш салынбақ.
Аралас салалардың ілгерілеуіне тығыз байланысты металлургиялық кластерді дамыту, өңірдің энергетикалық әлеуетін арттыру мен облысты толықтай газбен қамту да аталмыш құжатта қарастырылған.
Сырдария өзенінің сол жағалауы қарқынды дамиды деп күтілуде. Байқоңырдың әлеуметтік-экономикалық дамуына да баса мән берілмек. Бұл өз кезегінде өңірдің индустриялы-инновациялық локомотивіне айналмақ.
Айта кету керек, құжатта туризм саласы мен тірек ауылдарды дамытуға да көңіл бөлінген. Жалпы, облыстағы барлық стратегиялық маңызды мәселелер облыстың 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясында қарастырылған.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды