Астанада әлеуметтік маңызы бар 188 жоба ұсынылды

17 Тамыз, 2017 15:56
Қоғамдық сананы жаңғыртуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Астанада елордалық кәсіпкерлер есебінен меценаттар клубы жұмыс істейтін болады. Аталмыш бағдарламада қоғамдық бастамалар, гуманитарлық акциялар, қайырымдылық бойынша шаралар қарастырылған.

Қала әкімдігі  хабарлағандай,  бүгінде 34 млрд теңгеге әлеуметтік маңызы бар 188 жоба ұсынылған, оның ішінде тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық саласында-31 жоба, абаттандыру саласында-85 жоба, мәдениет, білім және спорт саласында – 22 жоба және рухы мықты адамдар үшін-50 жоба.

Онымен бірге әкім кәсіпкерлерді қоғамдық сананы жаңғыртуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әлеуметтік бастамалар картасын іске асыруда белсенді атсалысуға шақырды.

Әлеуметтік жобаның мақсаты – елордалық кәсіпкерлердің көмегімен қала тұрғындарының тұрмысын жақсарту, өмір сапасын арттырып, қолайлы жағдай туғызу, қауіпсіздік және қалада өмір деңгейін арттыру.

Қала басшысы атап өткендей, елордалық әкімдік жоспарлы жұмыс жүргізуде.

« Жұмыс топтарының жиыны тұрақты түрде өтіп тұрады. Азаматтық қоғамдық институттарды, шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдерін, зерттеу құрылымдарын тартумен бағдарламаны өрлету бойынша кампаниялардың оқиғалық шаралары әзірленді. Қазіргі уақытта «Атамекен», «Рухани қазына», «Тәрбие және білім», «Ақпарат толқыны» сынды 4 бағдарлама бойынша 162 шара іске асырылуда», - деді А. Исекешев.

Бірінші қажеттілік қатарында – футбол алаңын, шағын сәулет формаларын құру, жаттығу құрылғыларын орналастыру, қоршау салу. Әкім мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттілігін қамтамасыз етуге ерекше ден қойды. Себебі мекемелердің көбінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдай жасалмаған. Осы орайда ол бизнес өкілдерінен мүгедектерге барынша қолғабыс көрсетуді, жағдай жасауды сұрады. 

«Жұмысымыздың ортақ әлеуеті – қала тұрғындарына қолайлы жағдай туғызу», - деді әкім.

Өз кезегінде елорданың бизнес қауымдастығы жобаға қолдау білдіруге дайын екендігін білдірді.  

 

 

Барлық жаңалықтар