- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандыда екі ірі геологиялық барлау жобасы жүзеге асырылуда
Қарағандыда екі ірі геологиялық барлау жобасы жүзеге асырылуда
Rio Tinto австралия-британдық концерні «Қазгеология» АҚ-мен біріге отырып Қарағанды облысындағы мыс-порфирдік кенді барлаумен айналысуда. Жұмыстар аймағымыздың екі учаскісінде жүргізіліп жатыр – «Қорғантас» және «Балқаш Сарышаған». Геологиялық барлау қорытындысы бойынша кен қоры 1 млрд тоннадан кем түспейтін әлемдік класстағы мыс кен орындары табылады деп күтілуде. Іздеу кезеңіндегі инвестициялар 3,4 млрд теңгені құрайды.
«Шет ауданында орналасқан «Қорғантас» орны Rio Tinto компаниясының Қазақстандағы алғашқы ғаламдық жобасы болып табылады. Шешім қабылдамас бұрын, ірі концерн біздің елімізге бірнеше жыл көз қырын тастап жүрген екен. Шет елдік инвестор біздің аймақтағы жағдайды тартымды деп тапқан», - деп хабарлады облыс әкімдігінде.
Геологиялық барлау – қауіпті сала. Инвестор алдағы перспективаларға үміт артқан. 2015-ші жылы бастау алған жоба 5-6 жылға шақталған.
Қазіргі таңда Қорғантас учаскісінде жер үсті геофизикалық зерттеулер аяқталды. Ендігі кезекте көлемі 2500 м құрайтын бұрғылау жұмыстары басталды.
Компания Балқаш-Сарышаған алаңында да жұмыстарын жалғастырып жатыр. Мұнда әуеден аэрогеофизикалық зерттеу өткізілуде. Жоспарланған 24 мың өн бойғы шақырымның бүгінгі таңда 86%-да түсірілім жасалып болған. Сонымен қатар жер бетіндегі геофизикалық жұмыстар да жалғасып жатыр.
Компанияның мәлімдеуінше екі жобаның екуінде де геохимиялық сынымалау бағдарламасы жүзеге асырылуда. Биылғы маусымға жоспарланған көлемнің 69%-ы орындалды.
Балқаш-Сарышаған алаңы шамамен 13000 шаршы шақырымды құрайды. Ал Қорғантас учаскісінің ауданы шамамен 4000 шаршы шақырым болады.
«Rio Tinto» - геология және қорды бағалау саласындағы алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалануға бағытталған көпжылдық тәжірибесі бар ғаламдық тау-кен компаниясы болып табылады. Компания дүние жүзінің 40 елдерінде қызмет атқарады.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді