• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылорда облысында жедел жәрдем бекетіне 26 мамандандырылған санитарлы автокөлік алынды

Қызылорда облысында жедел жәрдем бекетіне 26 мамандандырылған санитарлы автокөлік алынды

6 Қаңтар, 2014 09:42
Кеше, 5 қаңтарда, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жедел жәрдем қызметкерлеріне мамандандырылған 26 санитарлық автокөлік кілтін тапсырды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми порталы.

Хабарламада айтылғандай, аталмыш реанимобильдер аудан және облыс орталығының жедел медициналық қызмет станцияларына үлестірілді.

«Салтанатты түрде реанимобиль кілттерін тапсыру барысында облыс әкімі денсаулық сақтау саласындағы облыстың жетістіктерін, атап айтар болсақ, автоматтандырылған диспечерлік-ақпараттық қызметті енгізу (АДАҚ), дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету секілді жетістіктерді тілге тиек етті», - делінген хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар