- Басты
- Фиджи Республикасы көміртек қалдықтарының көлемін қысқартуды көздейді
Фиджи Республикасы көміртек қалдықтарының көлемін қысқартуды көздейді

«Біз 2030 жылға қарай жеке көміртек қалдықтарын 30%-ға қысқарту жөніндегі Париж келісімі аясында қабылданған дүниежүзілік қауымдастық алдында міндеттемені орындау үшін су, жел және күн энергиясы мен биотынға көшу қажеттілігін түсінеміз. Сонымен қатар, Фиджи Республикасы мемлекеттің және әлем болашағы үшін маңызды болып табылатын жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялар тартуға мүдделі. Қазіргі кезде қазба отынын импорттауға жылына миллиард долларға жуық қаражат жұмсаудамыз», - деді Джосайа Вореке Байнимарама.
Өз кезегінде ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астана қаласындағы Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізуде қолдау көрсеткен елдерге қазақ елінің алғыс білдіретінін тілге тиек етті. Министрдің айтуынша, Фиджи Республикасы Қазақстанның сенімді серіктестерінің бірі.
«Фиджи Республикасы халықаралық саяси аренада Қазақстанның сенімді серіктесі екендігін атап өткім келеді. Осы қарым-қатынастарды жоғары бағалаймыз және оларды екі елдің игілігі үшін нығайтуға ниет білдіреміз. Көрмеге Фиджи Республикасының қатысуы екі елдің ұлттық салт-дәстүрлерін танып білуге мүмкіндік береді», - деді Қайрат Әбдірахманов.
Айта кетейік, Фиджи Республикасының павильоны Тынық мұхиты плазасында орналасқан. Павильонда елдің мәдениеті, туризм, сауда салаларындағы және инвестициялық мүмкіндіктері ұсынылған. Фиджи Республикасының павильонын Көрменің екі ай жұмысы аралығында 90 000 астам адам тамашалаған.
-
СҚО-ның дамуы: Зауыт-фабриканың іске қосылуы, инвестиция көлемінің артуы және өңірдегі эпиджағдай
-
Еліміздің тәуелсіздігіне жол салған «Алашорданың» құрылғанына 100 жыл
-
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі өзгерді
-
Мемлекет басшысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне қол қойды
-
Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуды жалғастырады
-
Көпбалалы аналар жыл басынан бері 93,9 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды
-
8 млрд доллар көлемінде сыртқы қарыз өтелді – Есімов
-
Демократиялық қоғамды дамыту пікір ашықтығы мен алуандығын көздейді – А.Жолдыбалина
-
ШОБ өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несиелер берілді
-
Жыл басынан бері көпбалалы аналар 73,5 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды
-
ҰОС қатысушыларына 1 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек берілді
-
2,5 мыңға жуық фермерге 70 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік көмек көрсетілді
-
Н.Әбдіров: ҚР мен Иран Ислам Республикасы арасындағы құқықтық көмек туралы заң жобасы жұмысқа алынды
-
Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді. Сенат Төрағасы Д.Назарбаева облыстық, қалалық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен
-
Қасым-Жомарт Тоқаев - Қазақстан Республикасының Президенті

