Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта 200-ден астам шетелдік емделді

16 Тамыз, 2017 17:09
Қазақстандағы кардиохирургия саласы қалай дамып жатқандығы туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді.

«ҚР-да халықтың ортақ өлім-жітім  құрылымында  қан айналу аурулары үштен бірін құрайды. 2005 жылмен салыстырғанда  қан айналымынан қайтыс болған адамдар саны үш есеге қысқарды. Бүгінде  халыққа  кардиохирургиялық көмекті  39 медициналық  ұйым көрсетеді, оның ішінде  4- жеке меншік, 2 ведомстволық ұйым. Балалар кардиохирургиялық көмекті  20 медициналық ұйым көрсетеді», - деді денсаулық сақтау вице-министрі.

Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың  инновациялық  технологиясы бойынша Л.Ақтаева «жүректің жасанды сол қарыншасы» туралы айтты.

«Аталмыш технологияларды енгізу нәтижесінде  Қазақстан  аталмыш технология жұмыс істейтін  22 елдің құрамына енді. Бүгінде  орталықта  208 қондырғы орнатылған», - деді спикер.

Вице-министрдің  айтуынша, ғылыми орталықта тек қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де ем қабылдайды.

«Медициналық туризмге келетін болсақ, 2012 жылдан бастап  Ұлттық ғылыми  кардиохирургиялық орталықта  15 елдің  212 шетелдік азаматы ем қабылдады. Аталмыш индикатор кардиохирургияны дамытуға әсер етеді», - деді ол. 

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма  төрағасы  Юрий Пя айтып өткендей, жүректі ауыстыру тек Қазақстан азаматтарына  жасалады.

«Отаның құны өзгеріп тұрады, мәселен, ашық ота жайында айтатын болсақ, ол 10 мың долларға жетпейді. Егер еуропалық елдермен салыстырсақ, онда аталмыш ота  50 мың еуроны, АҚШ-та  100 мың долларды құрайды», - деді Ю.Пя.

Айта кетейік,  Астанада 2017 жылғы 1 қыркүйектен 3 қыркүйекке дейін Астанада 27-ші Дүниежүзілік кардиоваскулярлық және торакалдық хирургтар қауымдастығының конгресі өтеді  

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар